О внесении изменений и дополнений и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және олардың күшi жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 702
- Қабылданған күні
- 27.06.2002
- Көрсетілген редакция
- 02.04.2015 AI12518_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P020000702_
- ЭКБ идентификаторы
- 12518
- Редакция идентификаторы
- AI12518_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:57
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және олардың күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
4 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 28 маусымдағы
N 702 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Мемлекеттiк меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 1 тамыздағы N 1207 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 35, 328-құжат):
тексеру комиссиясының құрамына мемлекеттiк өкiлдер енгiзiлетiн акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "ҚазМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ";
реттiк нөмiрi 2-жол алынып тасталсын.
2. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты мемлекеттік меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 41, 371-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк үлестерi мен акцияларының пакеттерi мемлекеттiк республикалық меншiктегi шаруашылық серiктестiктерi мен акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрлерi 114, 116-жолдар алынып тасталсын.
3. "Жекелеген акционерлiк қоғамдарға банктiк қызмет көрсету мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 29 наурыздағы N 316 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 10, 94-құжат):
қаражаттары бiрiншi топтағы банктерде орналастырылуға жататын акционерлiк қоғамдардың (ұлттық компаниялардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ".
4. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне" бөлiмiнде:
реттiк нөмiрi 9-1-жол алынып тасталсын.
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04 N 406 Қаулысымен.
7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.25 № 1412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
8. "Акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 22 тамыздағы
N 1098 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 389-құжат):
1-тармақ "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" деген сөздердiң алдынан мынадай сөздермен толықтырылсын:
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы",".
13 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 28 маусымдағы
N 702 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi