О внесении изменений и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне өзгерiстер енгiзу және кейбiр шешiмдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 703
- Қабылданған күні
- 27.06.2002
- Көрсетілген редакция
- 23.01.2008 AI12529_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.01.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P020000703_
- ЭКБ идентификаторы
- 12529
- Редакция идентификаторы
- AI12529_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:57
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне өзгерiстер енгiзу және кейбiр шешiмдерінің күші жойылды деп тану туралы
Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.23. N 58 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешімдерiнің күшi жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
4 Қазақстан Республикасы Үкіметiнің кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 28 маусымдағы
N 703 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметiнің кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
1 1.
📌 Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 12 тамыздағы N 846 қаулысымен .
2
2. "Судьяларды және олардың мүлкiн міндеттi мемлекеттiк сақтандырудың, оларға медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеудiң тәртiбi мен шарттары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 19 наурыздағы N 365 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 13, 90-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Судьяларды және олардың мүлкiн міндеттi мемлекеттiк сақтандырудың, оларға медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеудiң тәртібi мен шарттары туралы ережеде:
7-тармақта "медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссиясымен (МӘСК)" деген сөздер "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесi" деген сөздермен ауыстырылсын.
3 3. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.28. N 1339 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
4 4. "Мемлекеттiк білiм гранты туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 қарашадағы N 1781 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 52, 512-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бiлiм гранты туралы ережелерде:
5-тармақта "дәрiгерлiк-әлеуметтiк сараптау комиссиясының" деген сөздер "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлімшесінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
5 5. "Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 161 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 51-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесіне:
6-тармақтың 4) тармақшасының алтыншы абзацында "медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының" деген сөздер "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлiмшесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақтың 4), 5), 8) тармақшаларында "медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссияның", "медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясының" деген сөздер "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлiмшесінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
10 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнің тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 28 маусымдағы
N 703 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнің тiзбесi