Кіру
Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 447 · қабылданған 03.09.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-125301/on/2026-09-11/
Басып шығарылды 2026-09-11 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған Қаулы ·№ 447 ·03.09.2018
06.12.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Күшін жойған Қаулы ·№ 447 · 11.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
447
Қабылданған күні
03.09.2018
Көрсетілген редакция
06.12.2023 125301_671756.kaz
Соңғы өзгеріс
06.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18VI000182
ЭКБ идентификаторы
125301
Редакция идентификаторы
125301_671756
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:21

0 Азаматтық қызметші болып табылатын және

ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін
әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет,
спорт және ветеринария саласындағы мамандар
лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексiнiң 18- бабы 2) тармақшасына, 139 -бабының 9 -тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабы 2 -тармағына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46 -бабы 2- тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі аталған қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Глубокое ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қазандағы № 330 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4736 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 17 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Р.Қ. Сейткановқа жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Глубокое аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Баймульдинов
«03» қыркүйек 2018 жыл

5 Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Глубокое ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «03» қыркүйектегі
№ 447 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары: коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы және басшының орынбасары, үйдегі әлеуметтік көмек бөлімінің меңгерушісі, бағалау және арнайы әлеуметтік қызмет қажеттіліктерін анықтайтын әлеуметтік жұмыс бойынша әлеуметтік қызметкер, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыстың маманы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші, ассистент.

2. Білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары: коммуналдық мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары, мектепке дейінгі мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы, қосымша білім беру мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі, шеберхана меңгерушісі, кітапхана меңгерушісі, музыка жетекшісі, көркемдік жетекші, барлық мамандағы мұғалімдер, оқытушы, педагог, педагог-психолог, қосымша білім педагогы, ұйымдастырушы педагог, әлеуметтік педагог, зертханашы, тәлімгер, тәрбиеші, әдіскер, хореограф, кітапханашы, шебер, концертмейстер, сүйемелдеуші, логопед, алғашқы әскери дайындық оқытушысы ұйымдастырушы, дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы, медициналық және диеталық медбике.

3. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары: мемлекеттік мекеменің басшысы, мәдениет үйінің басшысы, әдіскер, үйірме жетекшісі, музыка жетекшісі, көркемдік жетекші, сүйемелдеуші, хореограф, мәдени ұйымдастырушы, суретші, мұражай қорларын сақтаушы, кітапханашы, библиограф.

4. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары: коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы, оқу ісі бойынша басшының орынбасары, әдіскер нұсқаушы, жаттықтырушы.

5. Ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдары: коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның басшысы, мал дәрігері, ветеринарлық фельдшер, ветеринарлық техник.

Қолданыстағы