Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил расчета эксплуатационных расходов на определенный рейс при субсидировании авиамаршрута

Бұйрық · № 678 · қабылданған 28.09.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-125303/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил расчета эксплуатационных расходов на определенный рейс при субсидировании авиамаршрута Қолданыста Бұйрық ·№ 678 ·28.09.2018
28.09.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил расчета эксплуатационных расходов на определенный рейс при субсидировании авиамаршрута

Қолданыста Бұйрық ·№ 678 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил расчета эксплуатационных расходов на определенный рейс при субсидировании авиамаршрута
Атауы (қаз.)
Авиамаршруттарды субсидиялау кезінде, белгілі бір рейстегі пайдалану шығыстарын есептеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
678
Қабылданған күні
28.09.2018
Көрсетілген редакция
28.09.2018 125303_361447.kaz
Соңғы өзгеріс
28.09.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017562
ЭКБ идентификаторы
125303
Редакция идентификаторы
125303_361447
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:02

0 Авиамаршруттарды субсидиялау кезінде, белгілі бір рейстегі пайдалану шығыстарын есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1511 қаулысымен бекітілген Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Авиамаршруттарды субсидиялау кезінде, белгілі бір рейстегі пайдалану шығыстарын есептеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Ә. Смайылов
2018 жылғы «___» ___________

0 Авиамаршруттарды субсидиялау кезіндегі, белгілі бір рейстегі пайдалану шығыстарын есептеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 678 бұйрығымен
бекітілген
Авиамаршруттарды субсидиялау кезіндегі, белгілі бір рейстегі пайдалану шығыстарын есептеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы авиамаршруттарды субсидиялау кезінде, белгілі бір рейстегі пайдалану шығыстарын есептеу қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысымен бекітілген Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасының 2-тармағына сәйкес әзірленген және авиамаршруттарды субсидиялау кезіндегі, белгілі бір рейстегі пайдалану шығыстарын есептеу тәртібін айқындайды.

2 2-тарау. Авиамаршруттарды субсидиялау кезінде, белгілі бір рейстегі пайдалану шығыстарын есептеу тәртібі

2 2. Авиамаршруттарды субсидиялау кезінде, белгілі бір рейстегі пайдалану шығыстары мынадай тәртіппен есептеледі:

Барлық пайдалану шығыстары = ұшу уақыты х ӘК ұшу сағатының өзіндік құны + әуежай қызметтері + ЖЖМ + АҚК + метеоқамтамасыз ету + өзге де шығыстар,
мұндағы:
ұшу уақыты – ұшып көтерілу мақсатында, әуе кемесі қозғала бастаған сәттен бастап ұшу аяқталғаннан кейін ұшақ толықтай тоқтауға дейінгі жалпы уақыт;
ӘК ұшу сағатының өзіндік құны – «Субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде ұшу сағатының өзiндiк құны есебiнiң нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 159 бұйрығына сәйкес есептелетін өзіндік құны (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6856 болып тіркелген);
әуежай қызметі – әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарлары, жұмыстары, қызметтері;
ЖЖМ – авиациялық жанар-жағармай материалдарына төленетін шығыстар;
АҚК – аэронавигациялық қызмет үшін төленетін шығыстар;
метеоқамтамасыз ету – ұшуды метеорологиялық қамтамасыз етуге төленетін шығыстар;
өзге де шығыстар – билеттерді сату, жүктерді және багажды тасымалдау бойынша шығыстарды қамтитын шығыстар, сондай-ақ рейстегі жолаушылар мен экипажды борттық тамақтандыру бойынша шығыстар.

Қолданыстағы