Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 128 · қабылданған 16.10.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-125308/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған Өзге акт ·№ 128 ·16.10.2018
01.02.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий

Күшін жойған Өзге акт ·№ 128 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
128
Қабылданған күні
16.10.2018
Көрсетілген редакция
01.02.2019 125308_389076.kaz
Соңғы өзгеріс
01.02.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18NTD08065
ЭКБ идентификаторы
125308
Редакция идентификаторы
125308_389076
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:54

0 Шектеу іс-шараларын

белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Федоров аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 01-19/438 ұсынысы негізінде, Федоров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қостанай облысы Федоров ауданы Федоров ауылдық округі Затышенка ауылында орналасқан Василий Емельянович Бубликтің шаруа қожалығы аумағындағы ірі қара мал құтыруының эпизоотиялық ошағына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2

2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Федоров аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Федоров аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды өткізу ұсынылсын.

3 3. «Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Федоров ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Федоров
аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ М.Б. Нуркин
«16» қазан 2018 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау
комитетінің Қостанай облысы
Қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Федоров аудандық
қоғамдық денсаулық сақтау
басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ Е.К. Джагалтаев
«16» қазан 2018 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Федоров ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________ У.А. Успанов
«16» қазан 2018 жыл

Қолданыстағы