Об утверждении регламента государственной услуги «Субсидирование повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства)»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги «Субсидирование повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства)»
- Атауы (қаз.)
- «Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1239
- Қабылданған күні
- 11.10.2018
- Көрсетілген редакция
- 10.06.2019 125343_409947.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.06.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18L0006462
- ЭКБ идентификаторы
- 125343
- Редакция идентификаторы
- 125343_409947
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:56
0 «Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 1-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған «Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2 2. «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Қызылорда облысы әкімдігінің
2018 жылғы 11 қазандағы №1239 қаулысымен
бекітілген
«Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2 2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).
2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – қағаз түрінде.
3
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктегі шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттардың тізілімін беру туралы хабарлама немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы «Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» №63 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 16693 нөмірімен тіркелген) бекітілген «Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушы не оның нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің (бұдан әрі – оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен жүгінуі.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындаудың ұзақтығы:
1 1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады. Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттар топтамасын ұсыну;
2
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне құжаттар топтамасының қабылданған уақыты мен күнін, тегі мен аты- жөнін көрсете отырып, талон береді (бұдан әрі – талон) немесе стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасы және (немесе) қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады және стандарттың 2-қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді (он бес минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсыну немесе құжаттарды қабылдаудан бас тарту;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысын анықтайды (бір сағаттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдау;
4
4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы облыс бойынша жиынтық актіні қалыптастырады және акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды субсидиялау мәселелері жөніндегі облыстық комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) ұсынады (екі жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды Комиссия қарауына ұсыну;
5 5) Комиссия тауар өндірушілердің өтінімін қағиданың (бұдан әрі – Қағида) өлшемшарттары мен талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексереді (екі жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: субсидия беру жөнінде оң немесе теріс шешім қабылдау;
6 6) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы комиссия отырысының қорытындысы бойынша хаттама жобасын және оң немесе теріс қабылданған шешім бойынша тауар өндірушілердің тізімін жасайды (бір жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: комиссия мүшелерінің хаттамаға қол қоюы;
7
7) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы хаттамаға қол қойылғаннан кейін төлем шоттарды қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ұсынады және өтінімдерді қарау нәтижелелері туралы хабарламаны (бұдан әрі-хабарлама) дайындайды (бір жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің басшысына хабарламаны ұсыну;
8 8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаға қол қояды (бір жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне ұсыну;
9 9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері хабарламаны тіркейді (он бес минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне беру.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) мен өзге ұйымдардың өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) мен өзге ұйымдардың тізбесі:
1 1) Мемлекеттік корпорация қызметкері;
2 2) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы.
7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимыл тәртібі реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілер және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
8 8. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеудің ұзақтығы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорациясы арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:
1 1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі Мемлекеттік корпорацияға стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады. Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттар топтамасын ұсыну;
2
2) Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы талон береді, көрсетілетін қызметті алушымен не оның өкілімен стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасы және (немесе) мерзімі өткен құжаттар ұсынылған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тартады және стандарттың
2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді (жиырма минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне беру;
Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады;
3 3) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (бір жұмыс күні ішінде, құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдау;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді (жиырма минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсыну;
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды (бір сағаттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдау;
6 6) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы облыс бойынша жиынтық актіні қалыптастырады және құжаттарды Комиссияның қарауына ұсынады (екі жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды Комиссия қарауына ұсыну;
7 7) Комиссия тауар өндірушілердің өтінімін Қағиданың өлшемшарттары мен талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан тексереді (екі жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: Комиссиямен субсидия беру жөнінде оң немесе теріс шешім қабылдау;
8 8) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы Комиссия отырысының қорытындысы бойынша хаттама жобасын және оң немесе теріс қабылданған шешім бойынша тауар өндірушілердің тізімін жасайды (бір жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: Комиссия мүшелерінің хаттамаға қол қоюы;
9
9) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы Комиссия мүшелері хаттамаға қол қойғаннан кейін төлем шоттарды қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне жолдайды, өтінімдерді қарау нәтижелері туралы хабарламаны дайындайды (бір жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің басшысына хабарламаны беру;
10 10) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаға қол қояды (бір жұмыс күн ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне ұсыну;
11 11) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері хабарламаны тіркейді (он бес минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: хабарламаны Мемлекеттік корпорацияға жолдайды (бір жұмыс күн ішінде);
12 12) Мемлекеттік корпорация қызметкері хабарламаны тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді (жиырма минуттан аспайды) Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне беру.
46 «Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын
арттыруды субсидиялау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
кестенің жалғасы