Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 29/16
- Қабылданған күні
- 04.10.2018
- Көрсетілген редакция
- 12.11.2021 125346_551579.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18LI006461
- ЭКБ идентификаторы
- 125346
- Редакция идентификаторы
- 125346_551579
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:01
0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды
жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы
11 шілдедегі Заңының 16-бабына сәйкес, Шиелі аудандық
мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі-кемтар балалар) жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу) мөлшері ай сайын әр кемтар балаға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
2 2. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өтініш берген айдан бастап тиісті оқу жылы кезеңінде аудан бюджеті қаражаты есебінен тоқсан сайын жүзеге асырады.
3 3. Оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетіледі.
4
4. Оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу үшін өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру “Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығының 22-қосымшасымен бекітілген “Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11342 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады.
5 5. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
6 6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу кемтар балаларға:
1 1) кемтар баланың қайтыс болуы;
2 2) мүгедектігін алып тастау;
3 3) интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде;
4 4) психологиялық-медициналық-педогогикалық кеңес қорытындысының мерзімі аяқталғанда;
5 5) аудан шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде тоқтатылады.
Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу жоғарыда көрсетілген жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.