Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил представления сведений о привлеченных иностранцах и лицах без гражданства международным технологическим парком «Астана Хаб», представляемых уполномоченному органу по вопросам миграции населения и Комитету национальной безопасности Республики Казахстан

Бұйрық · № 406 · қабылданған 19.09.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-125357/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил представления сведений о привлеченных иностранцах и лицах без гражданства международным технологическим парком «Астана Хаб», представляемых уполномоченному органу по вопросам миграции населения и Комитету национальной безопасности Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 406 ·19.09.2018
20.07.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил представления сведений о привлеченных иностранцах и лицах без гражданства международным технологическим парком «Астана Хаб», представляемых уполномоченному органу по вопросам миграции населения и Комитету национальной безопасности Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 406 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил представления сведений о привлеченных иностранцах и лицах без гражданства международным технологическим парком «Астана Хаб», представляемых уполномоченному органу по вопросам миграции населения и Комитету национальной безопасности Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне тартылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
406
Қабылданған күні
19.09.2018
Көрсетілген редакция
20.07.2023 125357_646114.kaz
Соңғы өзгеріс
20.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017558
ЭКБ идентификаторы
125357
Редакция идентификаторы
125357_646114
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:11

0 Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне тартылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-1-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне тартылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті

0 Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2018 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 406 бұйрығымен
бекітілген
Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға
және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары

1

1. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-1-бабының 11-тармағына сәйкес әзірленді және «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі тартылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері туралы мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсыну тәртібін айқындайды.

2 2. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі немесе оның қатысушылары тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

3 3. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі немесе оның қатысушылары тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың отбасы мүшелері туралы мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

4

4. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көзделген мәліметтерді тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынады.

5 5. Мәліметтер қағаз тасығышта немесе электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.

1 Халықтың көші-қоны мәселелері

жөніндегі уәкілетті органға және
Қазақстан Республикасының Ұлттық
қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын
«Астана Хаб»халықаралық
технологиялық паркі тартқан
шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдар туралы
мәліметтерді ұсыну қағидаларына
1-қосымша
Ұсынылады: «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі немесе оның қатысушылары тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы мәліметтер
Әкімшілік деректердің нысаны – Астана хаб интернет - ресурста орналастырылған
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі немесе оның қатысушылары тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы мәліметтер
Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі): 14-СПИ
Кезеңділік: тоқсан сайын
Есепті кезең: есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың 10-күнінен кешіктірмей
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға; үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне

Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да), оның ішін­де ла­тын әріп­те­рі­мен
Ту­ған кү­ні
Аза­мат­тығы (тұ­рақ­ты тұ­ра­тын елі)
Пас­порт­тың (же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың) нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні және бер­ген ор­га­ны
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да бо­лжам­ды бо­лу мер­зі­мі (ай, жыл)
Бі­лік­ті­лі­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Ви­за­ның қол­да­ныс мер­зі­мін ұзар­ту ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (бар бол­са)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на ке­лу мақ­са­ты
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­ра­тын же­рі­нің ме­кен-жайы
Басшы: _________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы
Күні 20___ жылғы «_____»_____________
Мөр орны
Ескертпе: көрсетілген нысанды толтыру жөніндегі түсіндірмелер осы нысанға қосымшада көзделген.

2 Халықтың көші-қоны мәселелері

жөніндегі уәкілетті органға және
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитетіне
ұсынылатын «Астана Хаб»
халықаралық технологиялық
паркі тартқан шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдар туралы
мәліметтерді ұсыну
қағидаларына
2-қосымша
Ұсынылады: «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі немесе оның қатысушылары тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы мәліметтер
Әкімшілік деректердің нысаны – Астана хаб интернет - ресурста орналастырылған
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі немесе оның қатысушылары тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы мәліметтер
Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі): 15-СПИ
Кезеңділік: тоқсан сайын
Есепті кезең: есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың 10-күнінен кешіктірмей
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға; үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне

Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да), оның ішін­де ла­тын әріп­те­рі­мен
Ту­ған кү­ні
Аза­мат­тығы (тұ­рақ­ты тұ­ра­тын елі)
Олар от­ба­сы мү­ше­ле­рі бо­лып та­бы­ла­тын "Аста­на Хаб" ха­лы­қа­ра­лық тех­но­ло­ги­я­лық пар­кі неме­се оның қа­ты­су­шы­ла­ры тар­тқан тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да), оның ішін­де ла­тын әріп­те­рі­мен
Туы­стық дә­ре­же­сі
Туы­стығ­ын рас­тай­тын құ­жат­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (неке қию ту­ра­лы, туу ту­ра­лы ку­ә­лік неме­се туы­стығы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді рас­тай­тын өзге де құ­жат­тар)
Пас­порт­тың (же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың) нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні және бер­ген ор­га­ны
Ви­за­ның қол­да­ныс мер­зі­мін ұзар­ту ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (бар бол­са)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­ра­тын же­рі­нің ме­кен­жайы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Басшы: _______________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы
Күні 20___ жылғы «_____»_____________
Мөр орны
Ескертпе: көрсетілген нысанды толтыру жөніндегі түсіндірмелер осы нысанға қосымшада көзделген.

Қолданыстағы