О некоторых вопросах административно-территориального устройства Павлодарской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах административно-территориального устройства Павлодарской области
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 258/24
- Қабылданған күні
- 26.09.2018
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2018 125403_363202.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18P0006090
- ЭКБ идентификаторы
- 125403
- Редакция идентификаторы
- 125403_363202
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:06
0 Павлодар облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының, Железин, Успен және Тереңкөл аудандарының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Павлодар облысының Ақсу қаласы, Железин, Успен және Тереңкөл аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) Ақсу қаласы бойынша:
Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің Еңбек ауылы таратылсын, оның аумағы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің Путь Ильича ауылының құрамына қосылсын;
2 2) Железин ауданы бойынша:
Прииртышск ауылдық округінің Безводное ауылы және Прииртышск ауылдық округінің Степное ауылы таратылсын, олардың аумағы Прииртышск ауылдық округінің Груздевка ауылының құрамына қосылсын;
Озерный ауылдық округінің Жамбыл ауылы және Озерный ауылдық округінің Жаңабет ауылы таратылсын, олардың аумағы Озерный ауылдық округінің Озерный ауылының құрамына қосылсын;
Михайлов ауылдық округінің Благодатное ауылы таратылсын, оның аумағы Михайлов ауылдық округінің Михайловка ауылының құрамына қосылсын;
Еңбекші ауылдық округінің Обозное ауылы таратылсын, оның аумағы Еңбекші ауылдық округінің Уәлиханов ауылының құрамына қосылсын;
Лесной ауылдық округінің Октябрьское ауылы таратылсын, оның аумағы Лесной ауылдық округінің Лесное ауылының құрамына қосылсын;
3 3) Тереңкөл ауданы бойынша:
Калиновка ауылдық округінің Қаратал ауылы таратылсын, оның аумағы Калиновка ауылдық округінің Қызылдау ауылының құрамына қосылсын;
Федоровка ауылдық округінің Конторка ауылы таратылсын, оның аумағы Федоровка ауылдық округінің Федоровка ауылының құрамына қосылсын;
Октябрь ауылдық округінің Лесное ауылы таратылсын, оның аумағы Октябрь ауылдық округінің Первомайское ауылының құрамына қосылсын;
4 4) Успен ауданы бойынша:
Қозыкеткен ауылдық округінің құрамынан Травян ауылы шығарылсын және Успен ауылдық округінің құрамына қосылсын;
Белоусов ауылдық округі, Ковалев ауылдық округі, Надаров ауылдық округі таратылсын;
таратылатын Белоусов ауылдық округінің Ольгин, Тимирязев, Ольхов ауылдары құрамында Ольгин ауылдық округі құрылсын, оның әкімшілік орталығы Ольгин ауылы болып белгіленсін;
Успен ауылдық округінің құрамына таратылатын Белоусов ауылдық округінің Белоусов ауылы қосылсын;
Қозыкеткен ауылдық округінің құрамына таратылатын Ковалев ауылдық округінің Ковалев ауылы қосылсын;
Қоңырөзек ауылдық округінің құрамына таратылатын Надаров ауылдық округінің Вознесен ауылы, Надаров ауылы, Чистополь ауылы қосылсын;
Лозов ауылдық округінің құрамына Қаратай ауылы және Богатырь ауылы қосылсын;
Равнополь ауылдық округінің құрамына Таволжан ауылы қосылсын.