Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Кокпектинского района

Өзге акт · № 26-5/3 · қабылданған 03.10.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-125483/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Кокпектинского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 26-5/3 ·03.10.2018
03.07.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Кокпектинского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 26-5/3 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Кокпектинского района
Атауы (қаз.)
Көкпекті ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
26-5/3
Қабылданған күні
03.10.2018
Көрсетілген редакция
03.07.2020 125483_475368.kaz
Соңғы өзгеріс
03.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18VO000126
ЭКБ идентификаторы
125483
Редакция идентификаторы
125483_475368
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:01

0 Көкпекті ауданының ауылдық

елді мекендерінде тұратын және
жұмыс істейтін мемлекеттік
ұйымдардың мамандарына әлеуметтік
қолдау көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Көкпекті ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау жылына бір рет 12 500 (он екі мың бес жүз ) теңге мөлшерде көрсетіледі.

2 2. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу (әрі қарай - әлеуметтік қолдау) бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің келесі тәртібі белгіленсін:

1 1) әлеуметтік қолдау тағайындауды уәкілетті орган – «Көкпекті ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады;

2

2) жеке тұлға (немесе оның нотариалдық сенімхатпен расталған өкілі) әлеуметтік қолдауды алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамға, көрсетілетін қызметті берушіге немесе кент, ауылдық округ әкіміне еркін түрде өтінішпен жүгінеді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттардың тізімін ұсынады.

3 3) әлеуметтік қолдау тағайындау туралы шешімді немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты әлеуметтік қолдауды тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган келесі мерзімде қабылдайды:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;
тұрғылықты жері бойынша кент, ауылдық округтің әкіміне құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;

4 4) әлеуметтік қолдау тағайындаудан бас тартуға негіз болады:

өтініш беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;
өтініш беруші берген мәліметтердің жалған болуы немесе берілген құжаттардың сәйкес келмеуі;
Көкпекті ауданынан тыс ауылды жерлерде тұруы;
лауазымдарды біріктірген кезде, негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алушының лауазымы әлеуметтік қолдауға құқық беретін лауазымдар тізіліміне сәйкес келмесе;
ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда, жыл ішінде екінші рет жүгінсе.

3 3. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Көкпекті аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізілімі

Көкпекті аудандық мәслихатының
2018 жылғы 3 қазандағы
№ 26-5/3 шешіміне
қосымша
Көкпекті аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізілімі

1

1. Көкпекті аудандық мәслихатының 2013 жылғы 7 қарашадағы № 19-4/3 «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3106 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 желтоқсандағы «Жұлдыз»-«Новая жизнь» газеттерінде жарияланған).

2

2. Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 тамыздағы № 27-5/4 «Көкпекті аудандық мәслихатының 2013 жылғы 7 қарашадағы № 19-4/3 «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3481 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 қыркүйектегі «Жұлдыз»-«Новая жизнь» газеттерінде жарияланған).

3

3. Көкпекті аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 42-6/4 «Көкпекті аудандық мәслихатының 2013 жылғы 7 қарашадағы № 19-4/3 «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4344 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 қаңтардағы «Жұлдыз»-«Новая жизнь» газеттерінде жарияланған).

Қолданыстағы