Об утверждении перечня объектов Туркестанской области, уязвимых в террористическом отношении
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня объектов Туркестанской области, уязвимых в террористическом отношении
- Атауы (қаз.)
- Түркістан облысының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 285
- Қабылданған күні
- 09.10.2018
- Көрсетілген редакция
- 12.02.2019 125493_390757.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.02.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18U0000001
- ЭКБ идентификаторы
- 125493
- Редакция идентификаторы
- 125493_390757
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:58
0 Түркістан облысының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 27-бабының 1-тармағының 26-2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы №876 қаулысына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Түркістан облысының террористік тұрғыдан осал объектілерінің қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін (қызмет бабында пайдалану үшін).
2 2. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.Т.Нүкеновке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қ.Т.Нүкенов
Ұ.Сәдібеков
А.С.Сәбитов
Ә.Е.Тұғымбеков
Т.Қ.Сәрсембаев
А.Б.Тасыбаев
Е.А.Садыр
Е.Қ.Тасжүреков