Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах транспортировки лома и отходов черных и цветных металлов

Бұйрық · № 719 · қабылданған 22.10.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-125520/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О некоторых вопросах транспортировки лома и отходов черных и цветных металлов Қолданыста Бұйрық ·№ 719 ·22.10.2018
12.08.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах транспортировки лома и отходов черных и цветных металлов

Қолданыста Бұйрық ·№ 719 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах транспортировки лома и отходов черных и цветных металлов
Атауы (қаз.)
Қара және түсті металдар сынығы мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
719
Қабылданған күні
22.10.2018
Көрсетілген редакция
12.08.2019 125520_420177.kaz
Соңғы өзгеріс
12.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017613
ЭКБ идентификаторы
125520
Редакция идентификаторы
125520_420177
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:51

0 Қара және түсті металдар сынығы мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы
6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының
11) тармақшасына және 22-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасының аумағынан легирленген болаттың қалдықтары мен сынықтарын, оның ішінде тотығуға төзімді болатты (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 7204 21 1 00 0, 7204 21 900 0) және өзгелерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7204 29 000 0);

Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшін әкелінетін және кері әкетілетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан жөндеу үшін әкетілетін және кері әкелінетін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 8607 19 100 1, 8607 19 100 9, 8607 19 900 9, 8607 21 1009 , 8607 21 900 9, 8607 30 000 0, 8607 99 800 0, 8607 29 000 0, 8607 12 000 0) бұрын қолданыста болған жылжымалы құрамның элементтерін қоспағанда, қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды) 7204, 7404 00, 7602 00, 8548 10 210 0, 8548 10 290 0, 8548 10 910 0), сондай-ақ бұрын қолдануда болған құбырларды, рельстерді, теміржол төсемдері мен жылжымалы құрамның элементтерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7302, 7303, 7304, 7305, 7306, 8607) автокөлікпен әкетуге 2 жыл мерзімге тыйым салу енгізілсін.

1-1

1-1. Осы бұйрықтың 1-тармағының үшінші абзацында көрсетілген тауарлар бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар бес жұмыс күні бұрын, бірақ тауарларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізудің болжамды күніне дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне жылжымалы құрамның элементтеріне жөндеу жүргізуге арналған шарттарды (келісімшарттарды), тауарларға арналған декларацияны (қажет болған жағдайда), сондай-ақ көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде орындалған жұмыстардың актісін ұсынады. Құжаттарды ұсыну тауарларды өткізу жоспарланып отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктінің атауы мен күнін көрсете отырып беріледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан осы бұйрықтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, тауар, күні және тауарларды өткізу жоспарланып отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункті туралы хабардар етсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағын орындау бойынша бақылауды қамтамасыз етсін.

3

3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитетімен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлісіп Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағының орындаун қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл тәртібін айқындасын.

4 4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму, қаржы, ұлттық экономика вице-министрлеріне жүктелсін.

6 6. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

Қолданыстағы