Об утверждении типового договора об осуществлении деятельности в рамках особого режима регулирования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении типового договора об осуществлении деятельности в рамках особого режима регулирования
- Атауы (қаз.)
- Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартты бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 226
- Қабылданған күні
- 27.09.2018
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2020 125584_503308.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800017629
- ЭКБ идентификаторы
- 125584
- Редакция идентификаторы
- 125584_503308
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:04
0 Ерекше реттеу режимі шеңберінде
қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартты
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шарт бекітілсін.
2 2. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Сәлімбаев Д.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3 3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4 4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шарт
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 226 қаулысымен
бекітілген
Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шарт
20__ жылғы «__» _________ № ___________
Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын
________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________,
(заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері)
бұдан әрі «Қатысушы» деп аталады, Жарғы негізінде іс-әрекет жасайтын бірінші басшысы
________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________ арқылы бір жағынан
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
және ___________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________
(қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның
атауы), бұдан әрі «уәкілетті орган» деп аталады, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік
реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы
(бұдан әрі – Заң) негiзiнде iс-әрекет жасайтын Төрағасы (Төрағаның орынбасары) __________________
_______________________________________________ арқылы екінші жағынан, бұдан әрі бірлесіп
«Тараптар» деп аталады, Заңның 13-4-бабының 2-тармағына сәйкес, Уәкілетті органның Басқармасының
20__жылғы «__» __________ шешімі негізінде төмендегілер туралы осы Ерекше реттеу режимі шеңберінде
қызметті жүзеге асыру туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасады:
1 1. Шарттың мәні
1 1. Шарттың мәні Қатысушының ___________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________
(жүзеге асыруы болып табылады (Қатысушы ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асыратын қызметтің
түрлерін сипаттау).
2 2. Шарттың мақсаты үшін ерекше реттеу режимі деп қаржы саласындағы қызметті, қаржы ресурстарына шоғырландыруға және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асыру түсініледі.
3 3. Қатысушы Шарттың 1-тармағында көрсетілген қызметті ерекше реттеу режимі шеңберінде уәкілетті органға ұсынылатын және Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын бизнес-жоспарға сәйкес, Қазақстан Республикасының қаржылық заңнамасының талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады.
4 4. Тұтунышылардың саны _________________________ аспайды.
5 5. Қатысушы ерекше реттеу режимі шеңберінде қабылдайтын міндеттемелердің көлемі ____________________________ теңгеден аспайды.
6 6. Шарттың қолданылу кезеңінде Қатысушының ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асыратын қызметіне мынадай нормалар қолданылмайды:
_______________________________________
_______________________________________
_______________________________________.
(«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы, «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен уәкілетті органның көрсетілген заңдарға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінің нормалары көрсетіледі.
2 2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
7 7. Уәкілетті орган:
1 1) Қатысушыдан Шарт бойынша міндеттемелерін тиісті түрде және уақтылы орындауды талап етуге;
2 2) Қатысушыдан Қатысушының Шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындау мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды алуға;
3 3) Заңның 13-4-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда Шартты біржақты тәртіппен бұзуға;
4 4) Шарттың қолданылу мерзімін Қатысушының Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішхатының негізінде ұзартуға;
5 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
8 8. Қатысушы:
1 1) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасында және Шартта белгіленген талаптармен жүзеге асыруға;
2 2) уәкілетті органға Шарттың талаптарын өзгерту туралы өтінішпен және (немесе) оның қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішхатпен Шарттың 22-тармағында көрсетілген мерзімде жүгінуге құқылы.
9 9. Уәкілетті орган:
1 1) Қатысушының Шарт бойынша міндеттемелерін орындау және Қазақстан Республикасының қаржылық заңнамасының талаптарын орындау мониторингін жүзеге асыруға;
2 2) Қатысушының Шартта көзделген міндеттемелерін орындамауы анықталған жағдайда Қатысушыға анықталған бұзушылықтарды Заңның 13-4-бабы 6-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзімде жою қажеттілігі туралы жазбаша хабарлама жіберуге;
3 3) Қатысушының Шарттың талаптарын өзгерту туралы өтінішін және (немесе) оның қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішхатын қарауға және Шарттың 22-тармағында көрсетілген мерзімде қарау нәтижелерін жіберуге;
4 4) Қазақстан Республикасының заңдарында және Шартта көзделген міндеттерді адал және тиісті түрде орындауға міндетті.
10 10. Қатысушы:
1 1) қызметін жүзеге асырғанға дейін мынадай:
ерекше реттеу режимі шеңберінде Қатысушы жүзеге асыратын қызмет туралы;
Қатысушының ерекше реттеу режимі шеңберіндегі қызметіне байланысты ықтимал тәуекелдер туралы;
ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыру талаптары, қызметін жүзеге асыру талаптары, құны (мөлшерлемелері, тарифтері), тұтынушымен қызметін жүзеге асыру туралы шарт (бұдан әрі – тұтынушымен жасасқан шарт) жасау үшін Қатысушының ішкі қағидаларында айқындалған құжаттардың тізбесі туралы;
Қатысушының орналасқан жері, пошта және электрондық мекенжайлары, интернет-ресурсы және байланыс телефондары туралы ақпаратты тұтынушыға жіберуге;
2 2) қызметін ерекше реттеу режимін енгізу мақсатына сәйкес Заңның 13-3-бабының 2-тармағына, Шарттың талаптарына және уәкілетті органға ұсынылатын бизнес-жоспарға сәйкес жүзеге асыруға;
3 3) өзінің тұтынушылары алдындағы міндеттемелерді тұтынушылармен жасасқан шарттарда белгіленген тәртіппен орындауға;
4 4) уәкілетті органның сұратуы бойынша ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет туралы қажетті ақпаратты ұсынуға;
5 5) ай сайын, айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органда мынадай:
тұтынушылармен жасасқан шарттардың саны (жеке және заңды тұлғалар бойынша);
тұтынушылармен шарттар бойынша қабылданған міндеттемелердің көлемі;
ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыру кезінде анықталған кемшіліктер (бар болса);
тұтынушылардың тарапынан болған шағымдардың сипаты (бар болса);
ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыру кезінде анықталған тәуекелдер туралы мәліметтер қамтылатын, жүзеге асырылатын қызметтің аралық нәтижелері туралы ақпаратты беруге;
6 6) уәкілетті органның Шартта белгіленген міндеттемелердің орындалмауы туралы жазбаша хабарламасын алған жағдайда бұзушылықтарды және (немесе) себептерін, сондай-ақ оларды жасауға себепші болған жағдайларды Заңның 13-4-бабының 6-тармағында белгіленген тәртіппен жоюға;
7 7) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыру барысында алынған мәліметтер мен ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз етуге;
8 8) Қатысушының жарғылық капиталының үлесін жаңа меншік иесіне берген (иелігінен айырған) жағдайда, уәкілетті органға жоспарланып отырған мәміле туралы оны жасағанға дейін кемінде 2 (екі) ай бұрын хабарлауға;
9 9) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыру қорытындылары туралы, мынадай мәліметтер қамтылған ақпаратты беруге:
Қатысушы қызметінің сипаты;
тартылған тұтынушылардың саны, операциялардың көлемі, қабылданған міндеттемелер;
ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыру кезінде анықталған тәуекелдер, тәуекелдердің тұтынушыларға және Қатысушының негізгі қызметіне әсер етуі туралы;
қызметті жүзеге асыру үшін қажетті Қазақстан Республикасының заңнамасын өзгерту және (немесе) толықтыру бойынша ұсыныстар;
10 10) Шарттың 14-тармағында көрсетілген жағдайларда өз тұтынушыларын Шарттың қолданылуын тоқтату туралы 5 (бес) жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар ету;
11 11) Қазақстан Республикасының заңдарында және Шартта көзделген міндеттерді адал және тиісінше орындау.
3 3. Тараптардың жауапкершілігі
11 11. Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында және Шартта көзделген жауапкершілікті атқарады.
12 12. Қатысушы Шарт бойынша қызметті жүзеге асыру кезеңінде және оның салдарынан туындайтын барлық тәуекел үшін жауапты болады.
4 4. Шартты өзгерту, толықтыру, тоқтату және бұзу талаптары
13 13. Шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар Тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша енгізіледі және Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісім түрінде ресімделеді.
14 14. Шартты қолдану:
1 1) енгізілген мерзімінің аяқталуына байланысты ерекше реттеу режимін қолдану тоқтатылған кезде, не оның күшін жойған кезде;
2 2) Шарттың мерзімі аяқталған немесе мерзімінен бұрын бұзылған кезде;
3 3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында немесе Шартта көзделген өзге жағдайларда тоқтатылады.
15 15. Тараптардың келісімі бойынша Шартты қолдануды мерзімінен бұрын тоқтауға жол беріледі.
5 5. Дауларды шешу тәртібі
16 16. Шарт бойынша міндеттемелерін орындау барысында даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды соттан тыс тәртіппен реттеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
17 17. Тараптардың Шарт бойынша реттелмеген дауларын және келіспеушіліктерін Қазақстан Республикасының соттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарайды.
18 18. Тараптар туындаған даулар және келіспеушіліктер толық шешілгенге дейін Шартта белгіленген міндеттемелерін орындаудан босатылмайды.
6 6. Шарттың қолданылу мерзімі
19 19. Шарт 20__ « »________ 20__ « »________ аралығындағы мерзімге жасалады.
20 20. Шарттың қолданылу мерзімі уәкілетті орган Басқармасының шешімімен енгізілген ерекше реттеу режимінің мерзімінен аспайды.
21 21. Шарттың қолданылу мерзімі Тараптардың өзара келісімі бойынша ұзартылады және Заңның 13-3-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімнен аспайды.
22 22. Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішхат уәкілетті органға Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей беріледі және ол уәкілетті органға түскен күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қаралады.
23 23. Шарт оған Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
7 7. Қорытынды ережелер
24 24. Тараптардың Шартта келісілмеген құқықтық қатынастары Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
25 25. Орналасқан жері және (немесе) нақты мекенжайы өзгерген кезде Қатысушы өзгерген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жазбаша хабарлама беруге міндетті.
26 26. Шарт қазақ және орыс тілдерінде, заң күші бірдей 2 (екі) дана етіп жасалды, олардың 1 (бір) данасы уәкілетті органда, 1 (бір) данасы Қатысушыда болады.
27 8. Тараптардың деректемелері және қолдары
27. Шартқа Тараптардың уәкілетті өкілдері 20__ «___» _______ қол қойды.
8. Тараптардың деректемелері және қолдары
«_______________________»
(қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның атауы)
______________________________
______________________________
(орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі,
банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру
коды, бенефициар коды)
_____________________________
(қолы)
Мөр орны
Қатысушы
______________________________
___________________________
(Қатысушының атауы, орналасқан
жері және нақты мекенжайы, телефондары, факсы, E-mail, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды, бенефициар коды)
______________________________
(қолы)