Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий

Қаулы · № 1244 · қабылданған 16.10.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-125605/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий Күшін жойған Қаулы ·№ 1244 ·16.10.2018
18.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий

Күшін жойған Қаулы ·№ 1244 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий
Атауы (қаз.)
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1244
Қабылданған күні
16.10.2018
Көрсетілген редакция
18.06.2020 125605_467704.kaz
Соңғы өзгеріс
18.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18L0006476
ЭКБ идентификаторы
125605
Редакция идентификаторы
125605_467704
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:54

0 Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы
6 сәуірдегі Заңының 27-бабына және «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11094 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары бекітілсін.

2 2. «Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы

16 мамырдағы № 788 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5862 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 8 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 Қызылорда облысы әкімдігінің

2019 жылғы «16» қазандағы № 1244 қаулысымен
бекітілген
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары

Басым ауыл шаруашылығы
дақылының атауы
Бір тоннаға субсидия
нормасы, теңге
1.
Күріш
3500

Қолданыстағы