Құжат мәтініне өту

Об утверждении норматива субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки

Қаулы · № 315 · қабылданған 02.11.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-125618/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении норматива субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки Күшін жойған Қаулы ·№ 315 ·02.11.2018
18.04.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении норматива субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки

Күшін жойған Қаулы ·№ 315 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении норматива субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки
Атауы (қаз.)
Тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
315
Қабылданған күні
02.11.2018
Көрсетілген редакция
18.04.2019 125618_400562.kaz
Соңғы өзгеріс
18.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18S0004980
ЭКБ идентификаторы
125618
Редакция идентификаторы
125618_400562
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:45

0 Тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағы 12-7) тармақшасына, «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы  № 3-2/615 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелді) бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларының 7-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі бекітілсін.

2

2. «Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 09 ақпандағы № 71 қаулысының (2017 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4084 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы әкімдік қаулысын мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

3 3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

5 5.  Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері

Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2018 жылғы
«02» қарашадағы № 315
қаулысына қосымша
Тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін сатып алынатын
ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне
арналған субсидиялар нормативтері
Ауылшаруашылық өнімнің атауы
Тереңдете өңделген өнімдердің атауы
Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері, теңге/литр (теңге/килограмм)
Шикі сүт
сары май
16,0
Шикі сүт
қатты ірімшік
20,0
Шикі сүт
құрғақ сүт (майы алынбаған, майы алынған)
15,0

Қолданыстағы