О нормативах отчисления и распределения части чистого дохода областных коммунальных государственных предприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О нормативах отчисления и распределения части чистого дохода областных коммунальных государственных предприятий
- Атауы (қаз.)
- Облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 298
- Қабылданған күні
- 26.10.2018
- Көрсетілген редакция
- 05.03.2020 125660_447904.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18U0004771
- ЭКБ идентификаторы
- 125660
- Редакция идентификаторы
- 125660_447904
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:49
0 Облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің
бір бөлігін аудару және бөлу нормативі туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Түркістан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;
4 4) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ.Сәрсембаевқа жүктелсін.
К.Т.Нукенов
Ә.Е.Тұрғымбеков
Е.Ә.Садыр
Ұ.Сәдібеков
Т.Қ.Сәрсембаев
Е.Қ.Тасжүреков
А.С.Сәбитов
А.Б.Тасыбаев
9 Түркістан облысы әкімдігінің
2018 жылғы «26» қазандағы
№298 қаулысына қосымша
Облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі
1 1. Облыстық мемлекеттік кәсіпорындар үшін- таза кірістің 45 пайызы мөлшерінде.
1.1. «Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының «Оңтүстік жолдары» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорны үшін 2019-2021 жылдарға - таза кірістің 10 пайызы мөлшерінде.