Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов по Кармакшинскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов по Кармакшинскому району
- Атауы (қаз.)
- Қармақшы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 205
- Қабылданған күні
- 23.10.2018
- Көрсетілген редакция
- 26.11.2021 125670_548828.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18LE006482
- ЭКБ идентификаторы
- 125670
- Редакция идентификаторы
- 125670_548828
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:51
0 Қармақшы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының
1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қармақшы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Қармақшы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2- қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3
3. «Тұрмыстық қатты қалдықтарды әкету тарифін бекіту туралы» Қармақшы ауданы мәслихатының 2014 жылғы 14 шілдедегі №203 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4735 нөмірімен тіркелген, аудандық «Қармақшы таңы» газетінің 2014 жылғы 2 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Қармақшы аудандық мәслихатының
2018 жылғы «23» қазандағы №205
1-шешіміне қосымша
Қармақшы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормалары
№
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер
Есептік бірлік
1 есептік бірлікке жылдық нормасы, текше метр
1
Жайлы емес үйлер
1 тұрғын
2,589895
2
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар
1 орын
0,02159
3
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
1 орын
0,347333
4
Балабақшалар, бөбекжайлар
1 орын
0,544241
5
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері,байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
1,564286
6
Емханалар
1 келіп кету
0,586607
7
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек-орын
2,314625
8
Мектептер және өзге де оқу орындары
1 оқушы
0,137416
9
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері
1 отыратын орын
0,242855
10
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы
1 отыратын орын
0,042988
11
Мұражайлар, көрмелер
жалпы алаңы 1 шаршы метр
0,016817
12
Стадиондар, спорт алаңдары
жоба бойынша 1 орын
0,054838
13
Спорт, би және ойын залдары
жалпы алаңы 1 шаршы метр
0,008701
14
Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер
сауда алаңы 1 шаршы метр
0,173416
15
Машиналардан сату
сауда орнының 1 шаршы метр
0,238988
16
Базалар,сауда павильондары, дүңгіршіктер, сөрелер
сауда алаңы 1 шаршы метр
0,588237
17
Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары
жалпы алаңы 1 шаршы метр
0,198749
18
Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары
жалпы алаңы 1 шаршы метр
0,016411
19
Вокзалдар, автовокзалдар
жалпы алаңы 1 шаршы метр
0,117321
20
Дәріханалар
сауда алаңы 1 шаршы метр
0,033567
21
Автотұрақтар, автомобиль жуу орындары, автожанармай құю станциясы, гараждар
1 машина – орын
8,261384
22
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
1,129851
23
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
4,432143
24
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
жалпы алаңы 1 шаршы метр
0,007466
25
Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
жалпы алаңы 1 шаршы метр
0,375279
26
Ұсақ жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар)
1 жұмыс орны
0,740107
27
Моншалар, сауналар
жалпы алаңы 1 шаршы метр
0,104751
28
Ауданның аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар
1000 қатысушы
0,104286
6 Қармақшы аудандық мәслихатының
2018 жылғы «23» қазандағы №205
шешіміне 2 қосымша
Қармақшы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер
№
Атаулары
Есептік бірлігі
Баға (теңге)
1
Тұрғын үйлерден қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер
айына 1 адамға
95,41
2
Шаруашылық субъектілер – абоненттер үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету және көму
1 текше метр
1400,86