О переименовании некоторых улиц в селе Лозовое Лозовского сельского округа Успенского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании некоторых улиц в селе Лозовое Лозовского сельского округа Успенского района
- Атауы (қаз.)
- Успен ауданы Лозов ауылдық округінің Лозов ауылындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 16.10.2018
- Көрсетілген редакция
- 16.10.2018 125706_367033.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.10.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18PLE06096
- ЭКБ идентификаторы
- 125706
- Редакция идентификаторы
- 125706_367033
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:54
0 Успен ауданы Лозов
ауылдық округінің Лозов
ауылындағы кейбір көшелерін
қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Успен ауданы Лозов ауылдық округінің Лозов ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 12 шілдедегі қорытындысы негізінде, Лозов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Успен ауданы Лозов ауылдық округінің Лозов ауылында келесі көшелері:
«Советская» көшесі «Береке» көшесі болып;
«Октябрьская» көшесі «Жастар» көшесі болып;
«Пирогов» көшесі «Достық» көшесі болып;
«Садовая» көшесі «Отан» көшесі болып;
«Репин» көшесі «Бірлік» көшесі болып;
«Победа» көшесі «Жеңіс» көшесі болып қайта аталсын.