Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Павлодарской области

Қаулы · № 352/6 · қабылданған 11.10.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-125766/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Павлодарской области Қолданыста Қаулы ·№ 352/6 ·11.10.2018
11.10.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Павлодарской области

Қолданыста Қаулы ·№ 352/6 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Павлодарской области
Атауы (қаз.)
Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
352/6
Қабылданған күні
11.10.2018
Көрсетілген редакция
11.10.2018 125766_367554.kaz
Соңғы өзгеріс
11.10.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18P0006100
ЭКБ идентификаторы
125766
Редакция идентификаторы
125766_367554
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:55

0 Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының

күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

2 2. «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж. С. Шарабасовқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Павлодар облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

Павлодар облысы әкімдігінің
2018 жылғы «11» қазандағы
№ 352/6 қаулысына
қосымша
Павлодар облысы әкімдігінің күші жойылған
кейбір қаулыларының тізбесі

1

1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі «Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» № 195/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4624 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

2

2. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қарашадағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі «Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» № 195/6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 344/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5297 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Қолданыстағы