Об утверждении перечня товаров, работ, услуг аэродромного и наземного обслуживания, входящих в состав аэропортовской деятельности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня товаров, работ, услуг аэродромного и наземного обслуживания, входящих в состав аэропортовской деятельности
- Атауы (қаз.)
- Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 749
- Қабылданған күні
- 30.10.2018
- Көрсетілген редакция
- 08.01.2025 125826_740413.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.01.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800017718
- ЭКБ идентификаторы
- 125826
- Редакция идентификаторы
- 125826_740413
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:47
0 Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы «_____»___________
0 Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесі
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
30 қазандағы № 749
бұйрығымен бекітілген
Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету
тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің
тізбесі
1 1-тарау. Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа қызмет көрсету тауарлары, жұмыстары, қызметтері
1 1. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесінің ұшу мен қонуын қамтамасыз ету:
1 1) ұшу-қону жолағын, рульдік жолдар, перрондар беру;
2 2) ұшу алаңын күтіп-ұстауды және пайдалануды қамтамасыз ету;
3 3) ұшуды жарықпен техникалық қамтамасыз ету;
4 4) әуежай ауданында ұшу қауіпсіздігін орнитологиялық қамтамасыз ету;
5 5) аэронавигациялық ақпараттың және әуе кемесінің әуежайдан ұшуының негізгі бағыты бойынша аэронавигациялық жағдайдың жедел өзгерістерін ұсыну;
6 6) әуежай ауданында ұшуды авариялық-құтқару және өртке қарсы қамтамасыз ету;
7 7) әуе кемесі қонғаннан кейін жолаушылар әуе кемесі үшін үш сағат және сертификатталған жүк пен жүк жолаушы әуе кемелерінің түрлері үшін алты сағат ішінде әуежайында өңдеуге (тиеуге немесе түсіруге) жататын жүк (пошта) болған кезде әуеайлақта тұрақ орнын беру;
8 8) сертификатталған жүк және жүк жолаушы әуе кемелерінің түрлері үшін олар қонғаннан кейін өңдеуге жататын жүк (пошта) болған кезде үш сағат ішінде тұрақ орнын беру;
9 9) ұшу қауіпсіздігін бақылау және қамтамасыз ету;
10 10) Әуеайлақ аймағында авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қоспағанда, қону сәтінен бастап тоқтау сәтіне дейін әуе кемесіне әуеайлақтық қызмет көрсету технологиясында көзделген қызметтер.
2 2. Мыналарды қоса алғанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету:
1 1) жолаушыларды, қол жүктерін, багаждарды, азаматтық авиациясы әуе кемелерінің экипаждары мүшелерін жете тексеру;
2
2) әуежайдың өткізу және ішкіобъектілік режимдерін қамтамасыз ету (бақылау-өткізу мен жете тексеру пунктерін (оның ішінде жалпы қолжетімді аймақтарды қоса алғанда), олардың техникалық құралдарын, бейне бақылау жүйесін, күзеттік жарықтандыруды, қоршауды, патрульдік жолдар мен көлік құралдарын, жете тексеруге арналған жабдықтарды, іске қосылған коммуникациялар, әуежайда өткізу мен ішкіобъектілік режимдерін қамтамасыз ететін персоналды);