Құжат мәтініне өту

О присвоении наименовании улицам и переименовании переулков поселка Жосалы

Өзге акт · № 328 · қабылданған 12.10.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-125835/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О присвоении наименовании улицам и переименовании переулков поселка Жосалы Қолданыста Өзге акт ·№ 328 ·12.10.2018
12.10.2018 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.10.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О присвоении наименовании улицам и переименовании переулков поселка Жосалы

Қолданыста Өзге акт ·№ 328 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О присвоении наименовании улицам и переименовании переулков поселка Жосалы
Атауы (қаз.)
Жосалы кентінің көшелеріне атау беру және тұйық көшелерді қайта атау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
328
Қабылданған күні
12.10.2018
Көрсетілген редакция
12.10.2018 125835_368387.kaz
Соңғы өзгеріс
12.10.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18LEA06496
ЭКБ идентификаторы
125835
Редакция идентификаторы
125835_368387
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:54

0 Жосалы кентінің көшелеріне

атау беру және тұйық көшелерді
қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4-тармағына және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 9 тамыздағы №3 қорытындысына сәйкес Жосалы кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қармақшы ауданы Жосалы кентінің «Тәуелсіздік» ықшам ауданынындағы келесі көшелеріне:

1 1) атауы жоқ №16 көшеге «Әбен Тоғызбаев» есімі;

2 2) атауы жоқ №18 көшеге «Рабиға Шалабаева» есімі;

3 3) атауы жоқ №10 көшеге «Желтоқсан» атауы;

4 4) атауы жоқ №11 көшеге «Бәйтерек» атауы;

5 5) атауы жоқ №12 көшеге «Мәңгілік Ел» атауы;

6 6) атауы жоқ №13 көшеге «Түркістан» атауы;

7 7) атауы жоқ №14 көшеге «Астана» атауы;

8 8) атауы жоқ №15 көшеге «Жібек жолы» атауы;

9 9) атауы жоқ № 19 көшеге «Байқоңыр» атауы;

10 10) атауы жоқ №20 көшеге «Жерұйық» атауы;

11 11) атауы жоқ №21 көшеге «Өркениет» атауы;

12 12) атауы жоқ №22 көшеге «Қызылорда» атауы берілсін.

2 2. Қармақшы ауданы Жосалы кентінің қайталанатын келесі тұйық көшелері:

1 1) «Бауыржан Момышұлы» тұйық көшесі «Сырлытам» көшесі;

2 2) «Батыс» тұйық көшесі «Жетіасар» көшесі;

3 3) «Қармақшы» тұйық көшесі «Ақмешіт» көшесі;

4 4) «Нұртай Жайсаңов» тұйық көшесі «Сортөбе» көшесі;

5 5) «Шығыс» тұйық көшесі «Сейхун» көшесі;

6 6) «Балқы Базар» тұйық көшесі «Жанкент» көшесі;

7 7) «Тайшық би» тұйық көшесі «Қызылқұм» көшесі;

8 8) «Үсен Томанов» тұйық көшесі «Бестам» көшесі;

9 9) «Қазан» тұйық көшесі «Қарөзек» көшесі;

10 10) «Әбдіуәли Жаназаров» тұйық көшесі «Алтынасар» көшесі;

11 11) «Қабылан батыр» тұйық көшесі «Шірік-Рабат» көшесі болып қайта аталсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жосалы кенті әкімінің орынбасары А.Қойшыбаевқа жүктелсін.

4 4. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы