О переименовании улиц поселка Октябрьский Зыряновского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании улиц поселка Октябрьский Зыряновского района
- Атауы (қаз.)
- Зырян ауданы Октябрь кентінің көшелерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 04.10.2018
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2018 125853_369668.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VLF00170
- ЭКБ идентификаторы
- 125853
- Редакция идентификаторы
- 125853_369668
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:00
0 Зырян ауданы Октябрь кентінің көшелерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 15 маусымдағы қорытындысы негізінде және Октябрь кентінің тұрғындарының пікірін ескере отырып Октябрь кентінің әкімі ШЕШТІ:
1 1. Зырян ауданының Октябрь кентіндегі көшелерінің атауы:
1 1) Карла Маркса көшесі Бостандық көшесі болып;
2 2) Кирова көшесі Центральная көшесі болып қайта аталсын.
2 2. «Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданының Октябрь кентінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімді Зырян ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткізуді;
2
2) әкімнің осы шешімі мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпараттық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынға қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрде көшірмесін жіберуді;