Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил присвоения внеочередных классных чинов сотрудникам системы органов прокуратуры Республики Казахстан

Бұйрық · № 130 · қабылданған 09.11.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-125910/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
Об утверждении Правил присвоения внеочередных классных чинов сотрудникам системы органов прокуратуры Республики Казахстан Күшін жойған 13.01.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил присвоения внеочередных классных чинов сотрудникам системы органов прокуратуры Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық № 130 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил присвоения внеочередных классных чинов сотрудникам системы органов прокуратуры Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне кезектен тыс сыныптық шендер беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
130
Қабылданған күні
09.11.2018
Көрсетілген редакция
13.01.2023 125910_618701.kaz
Соңғы өзгеріс
13.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017735
ЭКБ идентификаторы
125910
Редакция идентификаторы
125910_618701
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:41
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне кезектен тыс сыныптық шендер беру қағидаларын бекіту туралы

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 26-бабының 4-тармағына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы Заңының 37-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса тіркеліп отырған Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне кезектен тыс сыныптық шендер беру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3.  Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментіне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне кезектен тыс сыныптық шендер беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Бас прокурорының
2018 жылғы 9 қарашадағы
№ 130 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне кезектен тыс сыныптық шендер беру қағидалары

1. Осы Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне кезектен тыс сыныптық шендер беру қағидалары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 26-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде кезектен тыс сыныптық шендерді беру тәртібін айқындайды.

2. Кезектен тыс сыныптық шендерді беру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қабылдайды.

3. Кезектен тыс сыныптық шен қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелері басшыларының, облыс прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың (Бас әскери прокурорды қоспағанда), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ректорының (бұдан әрі – бөлімше басшысы) ұсыныстары негізінде осы сыныптық шенде белгіленген еңбек сіңірген жылдар мерзімінің кемінде үштен бірі өткен соң қызметтегі айрықша жетістіктері үшін марапаттау, бірақ қызметкер алған сыныптық шенінен бір шеннен артық емес тәртібімен беріледі.
Қызметтегі ерекше сіңірген еңбегі болған кезде, кезектен тыс сыныптық шендер осы сыныптық шенде еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, бірақ қызметкер алған сыныптық шенінен бір шеннен артық емес беріледі.

4. Кезектен тыс сыныптық шендерді беру прокуратура органдары жүйесінде қызмет еткен барлық кезеңінде екі реттен артық емес жүргізіледі.

5. Сыныптық шенде болу мерзімі қызметкерге тиісті сыныптық шен берілген күннен бастап есептеледі.

6. Кезектен тыс сыныптық шендерді беру туралы ұсыныс (бұдан әрі – ұсыныс) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының кадр қызметіне осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жіберіледі.

7. Ұсыныста көрсетілген мәліметтердің анықтығын бақылау бөлімшелердің басшыларына жүктеледі.

8. Кезектен тыс сыныптық шен:

1) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;

2) қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген кезеңде;

3) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жағдайда берілмейді.

9. Ұсыныстар Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарларының бірінің төрағалық етуімен комиссияда қаралады.

Ұсынысты қарау қорытындылары бойынша келесі шешімдердің бірі қабылданады:

1) кезектен тыс сыныптық шен беруге ұсыну;

2) ұсынысты қанағаттандырудан бас тарту.

10. Кезектен тыс сыныптық шенді беру туралы шешім Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен ресімделеді.

1 Кезектен тыс сыныптық шен беру туралы ҰСЫНЫС

Қазақстан Республикасы
прокуратура органдары
жүйесінің қызметкерлеріне
кезектен тыс сыныптық
шендер беру қағидаларына
қосымша
Нысан
Кезектен тыс сыныптық шен беру туралы
ҰСЫНЫС
______________________________________________________________________________________________
(сыныптық шен)
Кімге _________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
______________________________________________________________________________________________
(туған күні, айы, жылы)
Лауазымы _____________________________________________________________________________________
(прокуратура органы)
Көрсетілген лауазым үшін шекті сыныптық шен _____________________________________________________
Алған сыныптық шені ___________________________________________________________________________
__________жылғы «____________»_____________№ _________________________________________________
бұйрығымен берілді ____________________________________________________________________________
(қысқаша сипаттамасы, сіңірген еңбегі)
Кезектен тыс сыныптық шен беруге кедергі келтіретін негіздердің болуы
_______________________________________________________________________________________________.
Кадр қызметінің басшысы қолы Тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған кезде)
Ішкі қауіпсіздік
бөлімшесінің өкілі қолы Тегі, аты, әкесінің
аты бар болған кезде)
Облыс (атауы) прокуроры/
Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу
жөніндегі комитетінің
төрағасы/ Құқық қорғау
органдарының
Академиясының төрағасы/
Бас прокуратураның
құрылымдық
бөлімшесінің бастығы қолы Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған кезде)