Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах органов внешнего государственного аудита и финансового контроля в регионах

Жарлық · № 791 · қабылданған 16.11.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-125965/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О некоторых вопросах органов внешнего государственного аудита и финансового контроля в регионах Қолданыста Жарлық ·№ 791 ·16.11.2018
16.11.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах органов внешнего государственного аудита и финансового контроля в регионах

Қолданыста Жарлық ·№ 791 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах органов внешнего государственного аудита и финансового контроля в регионах
Атауы (қаз.)
Өңірлердегі сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
791
Қабылданған күні
16.11.2018
Көрсетілген редакция
16.11.2018 125965_370575.kaz
Соңғы өзгеріс
16.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U1800000791
ЭКБ идентификаторы
125965
Редакция идентификаторы
125965_370575
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:36

0 Өңірлердегі сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының кейбір мәселелері туралы

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан облысы болып қайта аталуына және Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қала санатына жатқызылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. Шымкент қаласының әкімі «Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесін құруды қамтамасыз етсін.

2 2. Түркістан облысының әкімі «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесін «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі деп қайта атауды қамтамасыз етсін.

3 3. «Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,

2011 ж., № 37, 438-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Жарлықтың бүкіл мәтіні бойынша «республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздер «республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлыққа қосымшада:
мына:
«2. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-жолмен толықтырылсын:
«17. «Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары штат санының лимиттері осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

4 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссиялары штат санының лимиттері

Қазақстан Республикасы Президентінің
2018 жылғы 16 қарашадағы
№ 791 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің
2011 жылғы 2 мамырдағы
№ 67 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссиялары штат санының лимиттері
Облыс, астана, республикалық маңызы бар қала
Штат санының лимиттері (оның ішінде тексеру комиссиясының төрағасы және төрт мүшесі)
Ақмола
45
Ақтөбе
39
Алматы
52
Атырау
30
Шығыс Қазақстан
57
Жамбыл
39
Батыс Қазақстан
31
Қарағанды
49
Қостанай
46
Қызылорда
33
Маңғыстау
22
Павлодар
35
Солтүстік Қазақстан
39
Түркістан
51
Алматы қаласы
38
Астана қаласы
31
Шымкент қаласы
31
ЖИЫНЫ:
668

Қолданыстағы