Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах административно-территориального устройства Кызылординской области

Қаулы · № 1256 · қабылданған 13.11.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-125978/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О некоторых вопросах административно-территориального устройства Кызылординской области Қолданыста Қаулы ·№ 1256 ·13.11.2018
13.11.2018 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах административно-территориального устройства Кызылординской области

Қолданыста Қаулы ·№ 1256 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах административно-территориального устройства Кызылординской области
Атауы (қаз.)
Қызылорда облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1256
Қабылданған күні
13.11.2018
Көрсетілген редакция
13.11.2018 125978_370479.kaz
Соңғы өзгеріс
13.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18L0006513
ЭКБ идентификаторы
125978
Редакция идентификаторы
125978_370479
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:38

0 Қызылорда облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3-бабының 6) тармақшасына және 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мына әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер мен елді мекендер таратылып, жақын орналасқан елді мекендер:

1 1) Арал ауданы бойынша:

Сексеуіл кентінің Құланды жылқы зауыты Сексеуіл кентінің құрамына;
Қосаман ауылдық округінің Бердікөл ауылы Қосаман ауылының құрамына;
Қаратерең ауылдық округінің Көлжаға ауылы Жаңақоныс ауылының құрамына;
Атанши ауылдық округінің Атанши ауылы Жіңішкеқұм ауылының құрамына;
Қарақұм ауылдық округінің Көкаша ауылы Абай ауылының құрамына;
Жетес би ауылдық округінің Водокачка ауылы Раиым ауылының құрамына;
Бөген ауылдық округінің Көне Бөген ауылы Бөген ауылының құрамына;
Қамыстыбас ауылдық округінің №91 разъезді №92 разъездінің құрамына;

2 2) Қазалы ауданы бойынша:

Басықара ауылдық округінің №98 разъезді Басықара ауылының құрамына;
Майлыбас ауылдық округінің №103 разъезді №102 разъездінің құрамына;
Сарбұлақ ауылдық округінің Сортүбек ауылы Майлыбас ауылдық округінің Ақсуат ауылының құрамына;
Мұратбаев ауылдық округінің №96 Кеңес разъезді Мұратбаев ауылының құрамына;

3 3) Қармақшы ауданы бойынша:

Жосалы кентінің Кемесалған ауылы және Шошқакөл ауылы Жосалы ауылының құрамына;
Жаңажол ауылдық округінің Шалқар ауылы және Смайылтамы ауылы
Дүр Оңғар ауылының құрамына;
Қуаңдария ауылдық округінің Тұрғантамы ауылы Қуаңдария ауылының құрамына;
Ақжар ауылдық округінің Таңшапағы ауылы Ақжар ауылының құрамына;
Үшінші интернационал ауылдық округінің Бірлік ауылы Үшінші интернационал ауылының құрамына;

4 4) Сырдария ауданы бойынша:

Тоқмағанбетов атындағы ауылдық округінің №8 разъезді және
№9 разъезді Тоқмағанбетов атындағы ауылының құрамына;

5 5) Шиелі ауданы бойынша:

Талаптан ауылдық округінің №19 разъезді Бала би ауылының құрамына;

6 6) Жаңақорған ауданы бойынша:

Кейден ауылдық округінің Қауық ауылы Аққұм ауылының құрамына;
Талап ауылдық округінің Сатымсай разъезді Бесарық станциясының құрамына;
Бесарық ауылдық округінің Апанқақ ауылы Бесарық ауылының құрамына;

7 7) Қызылорда қаласы бойынша:

Талсуат ауылдық округінің Геологов ауылы және Қызылжарма ауылдық округінің №11 разъезді Талсуат ауылдық округінің Талсуат ауылының құрамына;
Қызылжарма ауылдық округінің Байқадам ауылы Қарауылтөбе ауылдық округінің Қарауылтөбе ауылының құрамына енгізілсін.

2 2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы