Об утверждении Правил предоставления оралманам земельных участков для индивидуального жилищного строительства
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил предоставления оралманам земельных участков для индивидуального жилищного строительства
- Атауы (қаз.)
- Оралмандарға жеке тұрғын үй салу үшін жер телімдерін беру ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 748
- Қабылданған күні
- 08.07.2002
- Көрсетілген редакция
- 12.06.2012 AI12602_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P020000748_
- ЭКБ идентификаторы
- 12602
- Редакция идентификаторы
- AI12602_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:56
0 Оралмандарға жеке тұрғын үй салу үшін жер телімдерін беру ережесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.12 № 784 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1 1. Қоса беріліп отырған Оралмандарға жеке тұрғын үй салу үшін жер телімдерін беру ережесі бекітілсін.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
3 Оралмандарға жеке тұрғын үй салу үшін жер телімдерiн беру ережесi
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2002 жылғы 9 шілдедегi N 748
қаулысымен бекiтілген
Оралмандарға жеке тұрғын үй салу үшін жер телімдерiн беру ережесi
1 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оралмандарға жеке тұрғын үй салу үшiн жер телiмдерiн (бұдан әрi - жер телiмi) беру тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
2 2. Оралмандарға жер телiмдерiн беру уақытша тегiн жер пайдалану құқығында жүзеге асырылады.
3 3. Оралмандарға берiлген жер телiмдерi олар Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен және шарттарда олардың жеке меншiгiне көшедi.
4 4. Оралмандар жер телiмiн алу үшін жер телiмдерiне тиiстi құқықтарды беруге өкілеттiгi бар тиiстi жергiлiктi атқарушы органға (бұдан әрi - жергіліктi атқарушы орган) өтініш бередi.
5 5. Жер теліміне құқықтарды беру туралы өтiнiште мыналар көрсетiледi:
1 1) оралманның тегi, аты мен әкесiнiң аты (ол болған ретте);
2 2) тұрғылықты жерi;
3 3) жер телiмi бар немесе жоқ екендiгi;
4 4) ыңғайына қарай сұрап отырған жер телiмiнің орналасқан жерi (елдi мекен және оның ауданы, көшесi, квартал нөмiрi және басқасы).
6 6. Өтінiшке қоса берiлетiн қажеттi құжаттар:
1 1) оралман куәлiгiнің көшiрмесi;
2 2) мемлекеттік жер телiмiне құқықтары бар немесе жоқ екендігі туралы жер ресурстарын басқару жөніндегi аумақтық органдар беретiн анықтама.
Өтінішті қабылдау кезiнде оралманнан осы Ережеде көзделмеген құжаттар мен мәлiметтердi талап етуге тыйым салынады.
7
7. Тиiстi әкімшілік-аумақтық бiрлiктің жергiлiктi атқарушы органы сұралып отырған жер телімінің мәлімделген нысаналы мақсатқа пайдаланылуы мүмкіндігін аумақтық өңiрлерге бөлуге сәйкес анықтау үшін өтiнiштi жер ресурстарын басқару жөнiндегi тиiстi аумақтық органға (елдi мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бiрлесiп) жiбередi.
8
8. Жер телiмiн беру туралы шешiм жергілiктi өкiлдi органның депутаттары, жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органдардың, сәулет және қала құрылысы мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өкілдері арасынан жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның қорытындысы негiзінде қабылданады.