О снятии ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 07.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 07.11.2018 126065_371525.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18SEH04987
- ЭКБ идентификаторы
- 126065
- Редакция идентификаторы
- 126065_371525
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:42
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 – бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 03 тамыз № 09-09/222 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қырымбет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қырымбет ауылдық округі Қырымбет ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринарлық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қырымбет ауылдық округінің әкімінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 7 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қырымбет ауылдық округі Қырымбет ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4454 болып тіркелді, 2018 жылғы 05 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.