Құжат мәтініне өту

Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Өзге акт · № 238 · қабылданған 12.11.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-126105/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану Күшін жойған Өзге акт ·№ 238 ·12.11.2018
30.03.2022 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Күшін жойған Өзге акт ·№ 238 · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
Атауы (қаз.)
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
238
Қабылданған күні
12.11.2018
Көрсетілген редакция
30.03.2022 126105_568909.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18LD006516
ЭКБ идентификаторы
126105
Редакция идентификаторы
126105_568909
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:40

0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

“Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабына және “Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) сәйкес, Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі-кемтар балалар) жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу) мөлшері тоқсан сайын әр кемтар балаға тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.

2 2. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу “Қазалы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өтініш берген айдан бастап тиісті оқу жылы кезеңінде аудан бюджеті қаражаты есебінен тоқсан сайын жүзеге асырады.

3 3. Оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетіледі.

4

4. Оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу үшін өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру “Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығының 22 қосымшасымен бекітілген “Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11342 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады.

5 5. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

6 6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу кемтар балаларға:

1 1) кемтар баланың қайтыс болуы;

2 2) мүгедектігін алып тастау;

3 3) интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде;

4 4) психологиялық-медициналық-педогогикалық кеңес қорытындысының мерзімі аяқталғанда;

5 5) аудан шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде тоқтатылады.

Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу жоғарыда көрсетілген жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

7

7. “Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы” Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №152 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6134 нөмірімен тіркелген, 2018 жылдың 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

8 8. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы