О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения
- Атауы (қаз.)
- Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін арттыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 40/204-VI
- Қабылданған күні
- 19.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 23.07.2024 126112_712024.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18UD004800
- ЭКБ идентификаторы
- 126112
- Редакция идентификаторы
- 126112_712024
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:35
0 Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және
бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін арттыру туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 509 бабының 5 тармағына, 704 бабының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 45 бабының 2 тармағына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Заңының 50 бабына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Түркістан қаласының аумағында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
2 2. Түркістан қаласының аумағында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі он есеге арттырылсын және осы тармақ 2020 жылғы 1 қаңтарына дейін қолданылады деп белгіленсін.
3 3. «Түркістан қалалық маслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;