Құжат мәтініне өту

Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги)

Өзге акт · № 30/3-VI · қабылданған 20.11.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-126114/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) Қолданыста Өзге акт ·№ 30/3-VI ·20.11.2018
20.11.2018 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги)

Қолданыста Өзге акт ·№ 30/3-VI · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги)
Атауы (қаз.)
Автотұрақтардың (паркингтердің) санатын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
30/3-VI
Қабылданған күні
20.11.2018
Көрсетілген редакция
20.11.2018 126114_372551.kaz
Соңғы өзгеріс
20.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18VS000197
ЭКБ идентификаторы
126114
Редакция идентификаторы
126114_372551
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:33

0 Автотұрақтардың (паркингтердің) санатын белгілеу

және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге
базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 505-бабына, 509-бабы 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. 1-қосымшаға сәйкес автотұрақтардың (паркингтердің) санаты белгіленсін.

2 2. 2-қосымшаға сәйкес автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері ұлғайтылсын.

3 3. Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген басқа санаттардағы жерлерге салықты есептеу кезінде жеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын орналасқан елді мекен Шемонаиха қаласы болып айқындалсын.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты

Шемонаиха аудандық мәслихатының
2018 жылғы 20 қарашадағы
№ 30/3-VI шешіміне
1-қосымша
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты

Автотұрақтар (паркингтердің) түрлері
Санаты
1
Жер үстіндегі жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер), ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)
1-санат

6 Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту

Шемонаиха аудандық мәслихатының
2018 жылғы 20 қарашадағы
№ 30/3-VI шешіміне
2-қосымша
Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту

Автотұрақтар
(паркингтер) санаты
Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері
Базалық мөлшерлемелерді ұлғайту
Шемонаиха қ.
кенттер
ауылдар
1
1-санат
7,24
0,96
0,48
10 есе

Қолданыстағы