Құжат мәтініне өту

О корректировке базовых ставок земельного налога

Өзге акт · № 40/203-VI · қабылданған 19.11.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-126115/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О корректировке базовых ставок земельного налога Қолданыста Өзге акт ·№ 40/203-VI ·19.11.2018
30.03.2021 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О корректировке базовых ставок земельного налога

Қолданыста Өзге акт ·№ 40/203-VI · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О корректировке базовых ставок земельного налога
Атауы (қаз.)
Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
40/203-VI
Қабылданған күні
19.11.2018
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2019
Көрсетілген редакция
30.03.2021 126115_518216.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18UD004802
ЭКБ идентификаторы
126115
Редакция идентификаторы
126115_518216
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:34

0 Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 510 бабының 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Түркістан қалалық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №10/61-V шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2176 нөмірімен тіркелген) Түркістан қаласының жерлерін аймақтарға бөлу схемасы негізінде, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 505 және 506 баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 1, 2, 3, 4, 5, 6 аймақтарда автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 50 (елу) пайызға жоғарылатылсын.

2 2. «Түркістан қалалық маслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Түркістан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түркістан қалалық маслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы