О переименований улиц в селах Кайназар, Азат, Рахат, Орикти Рахатского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименований улиц в селах Кайназар, Азат, Рахат, Орикти Рахатского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Рахат ауылдық округінің Қайназар, Азат, Рахат, Өрікті ауылдарындағы көшелерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 87
- Қабылданған күні
- 06.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 06.11.2018 126141_371774.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18DHS04890
- ЭКБ идентификаторы
- 126141
- Редакция идентификаторы
- 126141_371774
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:43
0 Рахат ауылдық округінің
Қайназар, Азат, Рахат,
Өрікті ауылдарындағы
көшелерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Рахат ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 26 маусымдағы қорытындысы негізінде, Рахат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қайназар ауылындағы «Парниковая» көшесі «Бірлік» көшесіне, «Дружба» көшесі «Береке» көшесіне, «Западная» көшесі «Болашақ» көшесіне, «Подгорная» көшесі «Тарбағатай» көшесіне, «Газовая» көшесі «Сайран» көшесіне, «Ленина» көшесі «Байқоңыр» көшесіне, «Дачная» көшесі «Жетісу» көшесіне, «Новостройка» көшесі «Шыңғыстау» көшесіне;
Азат ауылындағы «Садовая» көшесі «Ұлытау» көшесіне, «Комсомольская» көшесі «Алаш» көшесіне, «Подгорная» көшесі «Көктөбе» көшесіне, «Новостройка» көшесі «Түркістан» көшесіне, «Виноградная» көшесі «Шарын» көшесіне, «Пионерская» көшесі «Қазығұрт» көшесіне, «Школьная» көшесі «Бәйтерек» көшесіне;
Рахат ауылындағы «Подгорная» көшесі «Алатау» көшесіне, «Восточная» көшесі «Алтай» көшесіне, «Партизанская» көшесі «Алтынемел» көшесіне, «Новостройка» көшесі «Ынтымақ» көшесіне;
Өрікті ауылындағы «Юбилейная» көшесі «Жетісу» көшесіне, «Подгорная» көшесі «Тау самалы» көшесіне, «Молодежная» көшесі «Жас қыран» көшесіне, «Новая» көшесі «Бәйтерек» көшесіне, «Пролетарская» көшесі «Алтын Орда» көшесіне, «Советская» көшесі «Хан Тәңірі» көшесіне, «Новостройка» көшесі «Самұрық» көшесіне, «Набережная» көшесі «Алатау» көшесіне қайта аталсын.