Құжат мәтініне өту

О снятии ограничительных мероприятий в селе Ашутасты города Аркалыка

Өзге акт · № 2 · қабылданған 19.11.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-126181/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О снятии ограничительных мероприятий в селе Ашутасты города Аркалыка Қолданыста Өзге акт ·№ 2 ·19.11.2018
19.11.2018 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии ограничительных мероприятий в селе Ашутасты города Аркалыка

Қолданыста Өзге акт ·№ 2 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии ограничительных мероприятий в селе Ашутасты города Аркалыка
Атауы (қаз.)
Арқалық қаласы Ашутасты ауылында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2
Қабылданған күні
19.11.2018
Көрсетілген редакция
19.11.2018 126181_372134.kaz
Соңғы өзгеріс
19.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18NC008119
ЭКБ идентификаторы
126181
Редакция идентификаторы
126181_372134
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:35

0 Арқалық қаласы

Ашутасты ауылында
шектеу іс-шараларын
тоқтату туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2018 жылғы 10 қазандағы № 01-20/871 ұсынысы негізінде, Ашутасты ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қостанай облысы Арқалық қаласы Ашутасты ауылында орналасқан «Арқалық ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы фермасы аумағында ірі қара малдың туберкулез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

2

2. Ашутасты ауылы әкімінің 2018 жылғы 9 ақпандағы № 1 «Арқалық қаласы Ашутасты ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 7532 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Арқалық қаласы Ашутасты ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Арқалық қаласы әкімдігінің
ветеринария бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________ Қ.Б. Бейсенов
«19» қараша 2018 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Арқалық
қалалық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ Е.К. Канапин
«19» қараша 2018 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігінің Қоғамдық
денсаулық сақтау комитеті Қостанай
облысы қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Арқалық қалалық
қоғамдық денсаулық сақтау
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_______________ Б.А. Қорғанбекова
«19» қараша 2018 жыл

Қолданыстағы