О переименовании акционерного общества «Центр электронной коммерции»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании акционерного общества «Центр электронной коммерции»
- Атауы (қаз.)
- «Электрондық коммерция орталығы» акционерлік қоғамын қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 792
- Қабылданған күні
- 28.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 28.11.2018 126195_373471.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1800000792
- ЭКБ идентификаторы
- 126195
- Редакция идентификаторы
- 126195_373471
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:24
0 «Электрондық коммерция орталығы» акционерлік қоғамын қайта атау туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Электрондық коммерция орталығы» акционерлік қоғамы «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.
2 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
3 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 28 қарашадағы
№ 792 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімде реттік нөмірі 21-181-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«21-181. «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы.».
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне» деген бөлімде реттік нөмірі 217-14-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«217-14-1. «Электрондық қаржы орталығы» АҚ.».
3 3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы.».