Құжат мәтініне өту

О снятии ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 3 · қабылданған 19.11.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-126222/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О снятии ограничительных мероприятий Қолданыста Өзге акт ·№ 3 ·19.11.2018
19.11.2018 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии ограничительных мероприятий

Қолданыста Өзге акт ·№ 3 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3
Қабылданған күні
19.11.2018
Көрсетілген редакция
19.11.2018 126222_372414.kaz
Соңғы өзгеріс
19.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18NRK08123
ЭКБ идентификаторы
126222
Редакция идентификаторы
126222_372414
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:35

0 Шектеу іс-шараларын

тоқтату туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Таран аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 19 қазандағы № 01-20/525 ұсынысы негізінде Павлов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қостанай облысы Таран ауданы Павлов ауылдық округі Павловка ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллезы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

2

2. Павлов ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 2 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7910 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Таран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Таран
аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ А. Досмұхамбетов
2018 жылғы «19» қараша
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау
комитетінің Қостанай облысы
қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Таран аудандық
қоғамдық денсаулық сақтау
басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________ Б. Баймухаметов
2018 жылғы «19» қараша
«КЕЛІСІЛДІ»
«Таран ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________ А. Леонович
2018 жылғы «19» қараша

Қолданыстағы