О некоторых вопросах акционерного общества «Казахстанская транспортная лизинговая компания» и о внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах акционерного общества «Казахстанская транспортная лизинговая компания» и о внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 798
- Қабылданған күні
- 29.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2018 126300_387341.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1800000798
- ЭКБ идентификаторы
- 126300
- Редакция идентификаторы
- 126300_387341
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:21
0 «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» акционерлік қоғамы «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.
2 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
3
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 29 қарашадағы
№ 798 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-112-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«21-112. «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ».
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 359-22-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«359-22. «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамы».