Құжат мәтініне өту

Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Сырдарьинского района

Өзге акт · № 244 · қабылданған 19.11.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-126316/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Сырдарьинского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 244 ·19.11.2018
20.12.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Сырдарьинского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 244 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Сырдарьинского района
Атауы (қаз.)
Сырдария ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
244
Қабылданған күні
19.11.2018
Көрсетілген редакция
20.12.2018 126316_382063.kaz
Соңғы өзгеріс
20.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18LH006537
ЭКБ идентификаторы
126316
Редакция идентификаторы
126316_382063
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:35

0 Сырдария ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Сырдария ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (әрі қарай - мамандар) отын сатып алуға аудандық бюджет қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жыл сайын біржолғы әлеуметтік қолдау көрсетілсін (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау).

2 2. Мамандарға әлеуметтік қолдауды тағайындауды «Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

3

3. Әлеуметтік қолдау алу үшін мамандар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Сырдария аудандық бөліміне немесе тұрғылықты жері бойынша ауылдық округтің әкіміне жүгінеді және «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11342 нөмірімен тіркелген) 23-қосымшасымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

4 4. Әлеуметтік қолдау мамандар қажетті құжаттардың топтамасын ұсынғаннан кейін тағайындалып, ағымдағы жылдың қаржыландыру жоспарына сәйкес төленеді.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы