Об установлении ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 27.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 14.03.2019 126341_393336.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.03.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18NHI08140
- ЭКБ идентификаторы
- 126341
- Редакция идентификаторы
- 126341_393336
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:26
0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Денисов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 7 қараша сәуірдегі № 01-27/337 ұсынысы негізінде Покров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қостанай облысы Денисов ауданы Покров ауылдық округі Досов ауылының жеке кораға жылқының құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2
2. «Денисов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Денисов аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Денисов аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын жүргізу ұсынылсын.
3 3. «Покров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімінің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі
көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3 3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Денисов ауданы әкімдігінің ветеринария
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________________________ В. Шерер
2018 жылғы «27» қараша
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетiнiң Денисов аудандық
аумақтық инспекциясы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________________________ Қ. Исмағұлов
2018 жылғы «27» қараша
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау
комитетінің Қостанай облысы қоғамдық
денсаулық сақтау департаментінің Денисов
аудандық қоғамдық денсаулық сақтау
басқармасы» республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
___________________________ Б. Байгелов
2018 жылғы «27» қараша