О некоторых вопросах административно-территориального устройства Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах административно-территориального устройства Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 326
- Қабылданған күні
- 27.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 21.06.2019 126394_412790.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.06.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18S0005008
- ЭКБ идентификаторы
- 126394
- Редакция идентификаторы
- 126394_412790
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:26
0 Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, аудандық өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Барлық тұрғындары кеткен және қоныс аударған Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносов ауылдық округі Ломоносовское ауылы таратылсын.
2 2. Солтүстік Қазақстан облысының тұрғылықты халқының саны елу адамнан кем болатын әкімшілік-аумақтық бірліктері таратылсын:
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Андреев ауылдық округі Беспаловка ауылы;
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі Шақпақ ауылы;
Мамлют ауданы Белое ауылдық округі Студеное ауылы;
Мамлют ауданы Белое ауылдық округі Прогресс ауылы.
3 3. Солтүстік Қазақстан облысының таратылатын елді мекендері:
Беспаловка ауылы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Андреев ауылдық округі Жаңасу ауылының құрамына;
Шақпақ ауылы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі Гаршин ауылының құрамына;
Студеное ауылы Мамлют ауданы Белое ауылдық округі Щучье ауылының құрамына;
Прогресс ауылы Мамлют ауданы Белое ауылдық округі Белое ауылының құрамына енгізілсін.
4 4. Солтүстік Қазақстан облысының облыстық және аудандық атқарушы органдары ауданның және облыстың әкімшілік-аумақтық бірлігінің есептік деректеріне тиісті өзгерістер енгізсін.
5 5. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» және «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тіліндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;