О некоторых вопросах административно-территориального устройства Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах административно-территориального устройства Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 327
- Қабылданған күні
- 27.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 27.11.2018 126395_374209.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18S0005009
- ЭКБ идентификаторы
- 126395
- Редакция идентификаторы
- 126395_374209
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:25
0 Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Петропавл қаласы өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының шегінде орналасқан мына елді мекендері:
Куйбышев ауылы, Новопавловка ауылы, Тепловское ауылы, 2629 аялдама пункті ауылдық елді мекендері, оларды Петропавл қаласының құрамына енгізе отырып, таратылсын.
2 2. Солтүстік Қазақстан облысының облыстық және қалалық атқарушы органдары облыстың және қаланың әкімшілік-аумақтық бірлігінің есептік деректеріне тиісті өзгерістер енгізсін.
3 3. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» және «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тіліндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;