О некоторых вопросах административно-территориального устройства Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах административно-территориального устройства Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 325
- Қабылданған күні
- 27.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 27.11.2018 126396_374224.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18S0005021
- ЭКБ идентификаторы
- 126396
- Редакция идентификаторы
- 126396_374224
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:26
0 Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, аудандық өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарының бәрi кетiп қалған және қоныс аударған мына елді мекендері таратылсын:
Тайынша ауданы Келлеровский ауылдық округінің Липовка ауылы;
Тайынша ауданы Большеизюм ауылдық округінің Терновка ауылы;
Айыртау ауданы Имантау ауылдық округінің Цуриковка ауылы;
Шал ақын ауданы Кривощеков ауылдық округінің Соколовка ауылы.
2 2. Солтүстік Қазақстан облысының тұрақты халқының саны елу адамнан кем мына елді мекендері таратылсын:
Жамбыл ауданы Благовещенка ауылдық округінің Талпын ауылы;
Жамбыл ауданы Казанка ауылдық округінің Матросов ауылы;
Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округінің Уткин ауылы;
Жамбыл ауданы Озерный ауылдық округінің Ақбалық ауылы;
Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округінің Островка ауылы;
Шал ақын ауданы Сухорабов ауылдық округінің Неждановка ауылы;
3 3. Солтүстік Қазақстан облысының таратылатын елді мекендері:
Талпын ауылы Жамбыл ауданы Благовещенка ауылдық округі Благовещенка ауылының;
Матросов ауылы Жамбыл ауданы Казанка ауылдық округі Екатериновка ауылының;
Уткин ауылы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округі Кладбинка ауылының;
Ақбалық ауылы Жамбыл ауданы Озерный ауылдық округі Озерное ауылының;
Островка ауылы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округінің Пресновка ауылының;
Неждановка ауылы Шал ақын ауданы Сухорабов ауылдық округінің Сухорабовка ауылының құрамына енгізілсін,
4 4. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» және «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тіліндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;