Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Қаулы · № 1271 · қабылданған 28.11.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-126426/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка Күшін жойған 25.05.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Күшін жойған Қаулы № 1271 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка
Атауы (қаз.)
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1271
Қабылданған күні
28.11.2018
Көрсетілген редакция
25.05.2026 126426_837842.kaz
Соңғы өзгеріс
25.05.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18L0006543
ЭКБ идентификаторы
126426
Редакция идентификаторы
126426_837842
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 03:58
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды

көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға
ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысының әкімдігінің 25.05.2026 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы
3-тармағының 3) тармақшасына, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі Заңының 6-бабы
2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi айқындалсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Сүлейменовке жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Қызылорда облысының
полиция департаменті» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
__________________Қ. Мұхитов
2018 жылғы «27» қараша

4 Қызылорда облысы әкімдігінің

2018 жылғы «28» қарашадағы
№1271 қаулысына қосымша
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етугеқатысатын азаматтарды
көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi,сондай-ақ оларға
ақшалай сыйақының мөлшерi

1. Көтермелеудiң түрлерi

1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi:

1) алғыс жариялау;

2) грамотамен марапаттау;

3) ақшалай сыйақы беру.

2. Көтермелеудiң тәртiбi

2. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен қоғамдық тәртiптi қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн қала және аудандардың жергілікті атқарушы органдарықұратын комиссиялармен (бұдан әрi - комиссия) қаралады.

3. Комиссияның құрамына қалалық, аудандық жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының,полиция органдарының өкiлдерi енгiзiледi.

4. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртiптi қорғауға, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi ұсыныстарды комиссияның қарауына қалалық, аудандық полиция органдары ұсынады.

5. Комиссия қабылдаған шешiм –көтермелеу үшiн, ал комиссия қабылдаған шешiмге сәйкес облыстық, аудандық полиция органдары бастықтарының бұйрықтары - көтермелеуге ақы төлеу үшiн негiз болып табылады.

6. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға көтермелеу шараларын облыстық, қалалық, аудандық полиция органдары салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

3. Ақшалай сыйақының мөлшерi

7. Ақшалай сыйақының мөлшерiн комиссия қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге көтермеленетiн адамның қосқан үлесiн және ол немесе оның қатысуымен жолы кесiлген құқыққа қарсы әрекеттiң нәтижесiнде келтiрiлуi мүмкiн залалдың көлемiн ескере отырып белгiлейдi және ол, әдетте, 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

8. Ақшалай сыйақы төлеудi, көтермелеуге ұсыныс енгiзген облыстық, аудандық полиция органдары облыстық бюджеттің қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

9. Көтермелеуге ақы төлеуге арналған қаражат полиция органдары шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделедi.