Об образовании избирательных участков на территории Таскалинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об образовании избирательных участков на территории Таскалинского района
- Атауы (қаз.)
- Тасқала ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 33
- Қабылданған күні
- 30.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 09.09.2020 126462_480043.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18ZK005419
- ЭКБ идентификаторы
- 126462
- Редакция идентификаторы
- 126462_480043
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:20
0 Тасқала ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Тасқала аудандық сайлау комиссиясының келісімі бойынша әкімшілік-аумақтық құрылым шекараларының сақталуы ескеріле отырып Тасқала ауданының аумағында сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
2
2. Тасқала ауданы әкімінің 2014 жылғы 19 ақпандағы №4 «Тасқала ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 27 ақпанда №3435 тіркелген, 2014 жылғы 7 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсiн.
5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Тасқала аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
_____________ А.Баяндыков
28 қараша 2018 жыл
6 Тасқала ауданының аумағындағы сайлау учаскелері
Тасқала ауданы әкiмiнiң
2018 жылғы 30 қарашадағы
№33 шешіміне
қосымша
Тасқала ауданының аумағындағы сайлау учаскелері
№
Сайлау учаскелерінің нөмірлері
Сайлау учаскелерінің шекаралары
Орналасқан жері
1
324
Ақтау ауылы, Қызылбас, Кулаков, Ақкүшік қыстақтары
Ақтау ауылы, Мұқанов көшесі, 17, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты
2
325
Беленький ауылы
Беленький ауылы, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тасқала аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Беленький медициналық пунктінің ғимараты
3
326
Черная Падина ауылы
Черная Падина ауылы, ауылдық кітапхана ғимараты
4
327
Амангелді ауылы, Жигули қыстағы
Амангелді ауылы, Астана көшесі, 11, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты
5
328
1-Шежін ауылы, Жармалай қыстағы
1-Шежін ауылы, Скоробогатов көшесі, 35, Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Бірінші Шежін бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты
6
329
Тасқала ауылы: Қ.Сәтбаев, Керей хан, Жәнібек хан, С.Сейфуллин, Б.Момышұлы, Қ.Аманжолов, Д.Нұрпейісова, Құрманғазы, Н.Тілендиев, А.Пушкин, Атақоныс, Жібек жолы, Астана, Ақтілек, Көкпар, Сарыжайлау көшелері; Самал шағын ауданы, Көктем шағын ауданы
Тасқала ауылы, Абай көшесі, 34, Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы орта білім беретін Қ.Сәтбаев атындағы мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты
7
330
Тасқала ауылы: Қ.Рысқұлбеков, Абай, Әбілхайыр хан, Ә.Сабиров, С.Жақсығұлов, Т.Жароков, Х.Доспанова, К.Жуков көшелері
Тасқала ауылы, Абай көшесі, 22, Тасқала ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты
8
331
Тасқала ауылы: Деркөл өзенінің оң жағалауынан теміржолға дейін: М.Жұмағалиев,
М.Мерәліұлы, Ә.Молдағұлова, Қ.Мұңайтпасов, Нұрсұңқар, А.Нечаева, М.Маметова, Игілік, С.Кенжин, Жағалау, Ақжол, Азаттық, Деркөл, Г.Панфилов, Сулысай, Сарыарқа, Полигон, Береке, Саябақ, Ынтымақ, Халықтар достығы (2-20 тұрғын үйлер), Құлагер көшелері
Тасқала ауылы, М.Маметова көшесі, 2, Тасқала аудандық білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты
9
332
Тасқала ауылы: Деркөл өзенінің сол жағалауы: Ғ.Иржанов, А.Чурилин, Жамбыл, Т.Масин, Б.Төлегенова, Доспамбет жырау, Жеңіс, Б.Жасыбаев, Халықтар достығы (7-45, 22-54 тұрғын үйлер), Б.Саттарханов, Амангелді, Т.Шевченко, С.Ахметкалиев, МТФ, Қ.Омаров, Жерұйық, Ешкітау көшелері, Жігер ауылы
Тасқала ауылы, Жеңіс көшесі, 30, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы «Тасқала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Бөбек» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты
10
333
Тасқала ауылы: М.Шамов, А.Скоробогатов, С.Сапаров, Ғ.Жангиров, Ғ.Құрманғалиев,
Н.Мусин, А.Құсайынов, Шежін, Ш.Қалдаяқов, Айқын, Кеңөріс көшелері; № 276 разъезд
Тасқала ауылы, Абай көшесі, 14, Тасқала аудандық білім бөлімінің «Садық Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты
11
334
Бірлік ауылы
Бірлік ауылы, Тасқала аудандық білім бөлімінің «Бірлік жалпы білім беретін негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты
12
335
Мереке ауылы, Қалмақ, Карташов, Жайықбай, Есенсай, Бубенцы, Талдықұдық, Дөңбек қыстақтары
Мереке ауылы, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты
13
336
Достық ауылы, Қарабура қыстағы
Достық ауылы, Бейбітшілік көшесі, 2, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты
14
337
Бастау ауылы
Бастау ауылы, Бастау көшесі, 45, Тасқала аудандық білім бөлімінің «Бастау жалпы білім беретін бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты
15
338
Ынтымақ ауылы, Өмірзақ қыстағы
Ынтымақ ауылы, Ынтымақ көшесі, 27, Тасқала аудандық білім бөлімінің «Ынтымақ жалпы білім беретін негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты
16
339
Атамекен ауылы, Алмалы, Митрофан, Молочная, Өтеш қыстақтары
Атамекен ауылы, Иманов көшесі, 4, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты
17
340
Қалмақшабын ауылы, Аяқ, Қалке, Үштілек, Көлік, Тазгүл, Егізқопа, Новостройка, Жетіқұдық, Волжанка, Қамыстыкөл, 1-Қисықсай, 2-Қисықсай, 3-Қисықсай қыстақтары
Қалмақшабын ауылы, ауылдық кітапхана ғимараты
18
341
Оян ауылы, Көкшат, Комсомольск, Қойшығұл, Машдвор, Ақүй, Жаңа ауыл, Айкүміс, Баянас, Көкапан, Қызылағаш, Болашақ қыстақтары
Оян ауылы, М.Маметова көшесі, 9, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты
19
342
Кеңжайлау ауылы, Аппаз, Жаңа аппаз, Қараой, Жетіқұдық, Ащы, Орысқопа қыстақтары
Кеңжайлау ауылы, ауылдық кітапхана ғимараты
20
343
Мерей ауылы, Птичник, Свинарник қыстақтары
Мерей ауылы, Тайманов көшесі, 26, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты
21
344
Айнабұлақ ауылы
Айнабұлақ ауылы, Бұлақты көшесі, 15, Тасқала аудандық білім бөлімінің «Айнабұлақ жалпы білім беретін негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты
22
345
Өркен ауылы, Аққайнар ауылы, Нұр, Атамұра қыстақтары
Өркен ауылы, Ақбидай көшесі, 14, ауылдық кітапхана ғимараты
23
346
Тоғайлы ауылы, Широкий, Шорман, Даяр қыстақтары
Тоғайлы ауылы, Диқаншылар көшесі, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты
24
347
2-Шежін ауылы, Талды-Бұлақ ауылы, Ермольчево ауылы, Бірлік, Ащы, Жармалай, Көсем, Алмалы сай, Центральная, Майрамкөл, Сад, Жаңаауыл, Тапқан қыстақтары
2-Шежін ауылы, Карменов көшесі, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты