Об установлении единых ставок фиксированного налога по Коксускому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога по Коксускому району
- Атауы (қаз.)
- Көксу ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 39-4
- Қабылданған күні
- 29.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2020 126490_458504.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18DN004928
- ЭКБ идентификаторы
- 126490
- Редакция идентификаторы
- 126490_458504
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:23
0 Көксу
ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай
мөлшерлемелерін белгілеу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 546-бабының 3-тармағына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көксу ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көксу ауданы мәслихатының «Ауданның экономикалық дамуы, жергілікті бюджет, табиғатты қорғау және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Көксу ауданы мәслихатының
2018 жылғы 29 қарашадағы
«Көксу ауданы бойынша
тіркелген салықтың бірыңғай
мөлшерлемелерін белгілеу туралы»
№ 39-4 шешіміне қосымша
Көксу ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық
төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
Рет
№
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
(айлық есептік көрсеткіштермен)
1
2
3
1
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
2
Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
3
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
1
4
Ойын жолы
5
5
Карт
2
6
Бильярд үстелі
3
7
Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенінде орналасқан айырбастау пункті
10