Құжат мәтініне өту

О присвоении наименований безымянным улицам и переименовании некоторых улиц города Шалкар

Қаулы · № 267 · қабылданған 22.11.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-126544/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О присвоении наименований безымянным улицам и переименовании некоторых улиц города Шалкар Қолданыста Қаулы ·№ 267 ·22.11.2018
22.11.2018 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О присвоении наименований безымянным улицам и переименовании некоторых улиц города Шалкар

Қолданыста Қаулы ·№ 267 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О присвоении наименований безымянным улицам и переименовании некоторых улиц города Шалкар
Атауы (қаз.)
Шалқар қаласының атаусыз көшелеріне атаулар беру және кейбір көшелерінің атауларын қайта атау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
267
Қабылданған күні
22.11.2018
Көрсетілген редакция
22.11.2018 126544_377282.kaz
Соңғы өзгеріс
22.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18CM000214
ЭКБ идентификаторы
126544
Редакция идентификаторы
126544_377282
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:30

0 Шалқар қаласының атаусыз көшелеріне атаулар беру және кейбір көшелерінің атауларын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 31 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 12 шілдедегі хаттамалық шешімі негізінде және Шалқар қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Шалқар қаласының келесідей атаусыз көшелеріне:

1 схемалық картаға сәйкес, 390-420 учаскелері орналасқан «Даму» аймағының атаусыз көшесіне Жанұзақовтар есімі;
2 схемалық картаға сәйкес, 240-355 учаскелері орналасқан «Даму» аймағының атаусыз көшесіне Мұханбетжан Қадыров есімі берілсін.

2 2. Шалқар қаласының кейбір көшелері қайта аталсын:

«Тәжірибе» көшесі Ораз би Тәтеұлы есімімен;
«Гвардия» көшесі Орынбасар Ақжанов есімімен;
«Олимпийская» көшесі Төлеу Көшербаев есімімен.

3 3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Қонақбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Шалқар қаласының атаусыз көшесіне Жанұзақовтардың есімін беру туралы 1 схемалық карта

6 Шалқар қаласының атаусыз көшесіне Мұханбетжан Қадыровтың есімін беру туралы 2 схемалық карта

Қолданыстағы