Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 805 · қабылданған 05.12.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-126616/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 805 ·05.12.2018
29.12.2018 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 805 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
805
Қабылданған күні
05.12.2018
Көрсетілген редакция
29.12.2018 126616_387387.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1800000805
ЭКБ идентификаторы
126616
Редакция идентификаторы
126616_387387
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:16

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 805 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-189-жолмен толықтырылсын:
«21-189. «Қазақавтожол» ЖШС»;
«Ақмола облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 13-13-жол алып тасталсын;
«Алматы облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 38-7-жол алып тасталсын;
«Ақтөбе облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 133-7-жол алып тасталсын;
«Атырау облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 145-7-жол алып тасталсын;
«Шығыс Қазақстан облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 165-16-жол алып тасталсын;
«Жамбыл облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 180-6-жол алып тасталсын;
«Батыс Қазақстан облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 194-6-жол алып тасталсын;
«Қарағанды облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 214-18-жол алып тасталсын;
«Қызылорда облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 218-7-жол алып тасталсын;
«Қостанай облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 229-12-жол алып тасталсын;
«Маңғыстау облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 236-9-жол алып тасталсын;
«Павлодар облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 265-12-жол алып тасталсын;
«Солтүстік Қазақстан облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 280-8-жол алып тасталсын;
«Түркістан облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 304-жол алып тасталсын.

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы

27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 359-10-1, 359-10-2, 359-10-3, 359-10-4, 359-10-5, 359-10-6, 359-10-7, 359-10-8, 359-10-9, 359-10-10, 359-10-11, 359-10-12, 359-10-13 және 359-10-14-жолдар алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 359-10-15-жолмен толықтырылсын:
«359-10-15. «Қазақавтожол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».

3

4 4. «Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж.,
№ 77-78-79, 588-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
басым тәртіппен жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ірі ұйымдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6.4-жолмен толықтырылсын:
«6.4. «Қазақавтожол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»»;
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 27.2, 28.3, 29.4, 30.5, 31.6, 32.7, 33.8, 34.9, 35.10, 36.11, 37.12, 38.13, 39.14 және 40.15-жолдар алып тасталсын.

5 5. «Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қазақавтожол» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 23 маусымдағы

№ 393 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 25-26, 197-құжат):
3-тармақ 2) тармақшадағы «тіркеуді қамтамасыз етсін.» деген сөздер «тіркеуді;» деген сөзбен ауыстырып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) «Қазақавтожол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне беруді қамтамасыз етсін.»;
4, 5, 6 және 7-тармақтар алып тасталсын.

Қолданыстағы