Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области охраны, воспроизводства и использования животного мира

Бұйрық · № 494 · қабылданған 07.12.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-126629/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области охраны, воспроизводства и использования животного мира Қолданыста Бұйрық ·№ 494 ·07.12.2018
02.10.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области охраны, воспроизводства и использования животного мира

Қолданыста Бұйрық ·№ 494 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области охраны, воспроизводства и использования животного мира
Атауы (қаз.)
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
494
Қабылданған күні
07.12.2018
Көрсетілген редакция
02.10.2025 126629_786296.kaz
Соңғы өзгеріс
02.10.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017896
ЭКБ идентификаторы
126629
Редакция идентификаторы
126629_786296
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:12

0 Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Мыналар:

1 1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

2 2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

2

2. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-04/1126 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 808 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 12657 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5

5) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті

1 Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары ‒
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 494
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 95
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және
пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі ‒ Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, «Тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген), «Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) тiкелей қызметiмен, салалық даму ерекшелiктерiмен және осы дамуға әсер ететiн факторлармен байланысты, бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) әртүрлі тәуекел дәрежелеріне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы болып табылады.

2 2. Осы өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;

2 2) бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер (объектілер);

3 3) болмашы бұзушылықтар – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың бұзылуы, сондай-ақ өрескел және елеулі бұзушылықтарға жатқызылмаған бұзушылықтар;

4 4) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

5

5) елеулі бұзушылықтар – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың аншлагтардың болмауы, қаражатты, материалдық-техникалық жарақтандыруды, өсімін молайтуды және ғылымды жоспарлау бойынша шарттардың орындалмауы, аңшылық шаруашылығы субъектілері беретін мәліметтерде толық емес және дұрыс емес ақпараттың болуы, расталған шағымдар мен арыздардың болуы бөлігінде бұзылуы;

6

6) өрескел бұзушылықтар – «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – ӘҚБтК) көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкелетін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың бұзылуы, зоологиялық коллекциялар жасау тәртібінің сақталмауы, жануарлар дүниесін пайдалануға белгiленген шектеулер мен тыйым салулар мерзімдерінің сақталмауы, қолайсыз оқиғалардың орын алуы, браконьерлік фактісінің болуы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізетін мемлекеттік инспекторлар актілерінің орындалмауы;

7 7) тәуекел – бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижесінде оның зардаптарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

8 8) тәуекел дәрежесін бағалау – бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау және жүргізу мақсатында бақылау және қадағалау органы өткізетін іс-шаралар кешені;

9

9) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (ары қарай – объективті өлшемшарттары) – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесіне байланысты бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) таңдау үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

10

10) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

11

11) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары - бақылау және қадағалау субъектісінің тікелей қызметіне, салалық даму ерекшеліктеріне және осы дамуға ықпал ететін факторларға байланысты, бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

12

12) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру үшін бақылау және қадағалау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату процесі;

13 13) тексеру парағы – бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі;

14 14) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың нақты саласында бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.

2 2-тарау. Объективті өлшемшарттар

3 3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару бірнеше кезеңмен жүзеге асырылатын объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады (Шешімдерді мультиөлшемшартты талдау).

4 4. Объективті критерийлер бойынша бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) үш тәуекел тобына бөлінген:

1 1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне - аңшылық шаруашылығын жүргізумен, айналысатын бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері);

2 2) тәуекелдің орташа дәрежесіне - әуесқойлық (спорттық) аң аулауды ұйымдастырумен айналысатын бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері);

3

3) тәуекелдің төмен дәрежесіне - жануарлар дүниесі объектілерін қоршау және жартылай еркін ұстаумен, өсірумен, бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері), сондай-ақ азаматтарды аңшылық минимумға оқытумен айналысатын ұйымдар, зоологиялық коллекциялардың иелері, хайуанаттар бағы, биологиялық орталықтар.

5 5. Тәуекел айқындалғаннан кейін бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) үш тәуекел дәрежесі (жоғары, орта және төмен) бойынша бөлінеді.

Жоғары және орташа тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілерінің) қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

6 6. Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

3 3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

7 7. Субъективті өлшемшарттар мынадай көздерден алынған ақпаратты талдау нәтижелері негізінде айқындалады:

1 1) бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) алдыңғы тексерулер мен оларға бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері. Бұл ретте бұзушылықтардың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парақтарында көрсетілген заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді;

2 2) бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;

3 3) бақылау субъектілерінің (объектілерінің) кінәсінен орын алып, тіркелген қолайсыз оқиғалардың орын алу жағдайларының болуы. Қолайсыз оқиғаларға жануарлар дүниесі объектілерінің жаппай қырылуы және олардың тіршілік ету ортасының нашарлауы жатады;

4 4) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжат (ұсыным);

6 6) мемлекеттік органдармен ұсынылатын меліметтерді талдау нәтижесінің қорытындысы.

8 8. Талаптарды бұзу дәрежесі осы өлшемшарттардың 1-қосымшасына сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі айқындалады.

Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығы және субъективті критерийлер көрсеткіштерінің маңыздылығы осы өлшемшарттардың 4-қосымшасына сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттар тізбесіне сәйкес белгіленеді.

9 9. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) мыналарға:

1 1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;

2 2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;

3 3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ты қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.

10 10. Бір өрескел бұзушылық анықталған жағдайда бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

11 11. Өрескел бұзушылықтар анықталмаған жағдайда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

Бақылау және қадағалау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау және қадағалау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша (SC) айқындалған субъективті өлшемшарттарға сәйкес бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қорытындылау жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.
Rарал = SP + SC , мұнда
Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,
SC – осы өлшемшарттардың 8-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.
Есеп мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың әрбір саласының бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың бір саласының бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.
Алдыңғы тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі баллмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.
Осы өлшемшарттардың 7-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау және қадағалау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

12 12. Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

ΣРе = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,7,
мұнда:
ΣРе – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
ΣР1 – елеулі бұзушылықтардың талап ететін саны;
ΣР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

13 13. Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,
мұнда:
ЅРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
ЅР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;
ЅР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

14 14. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (ΣР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

ΣР = ΣРе + ΣРб,
мұнда:
ΣР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
ΣРе – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
ΣРб – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
Тәуекел дәрежелерін талдау және бағалау кезінде бұрын ескерілген және нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты қолданылған субъективті өлшемшарт деректері қолданылмайды.

14-1 14-1. Осы өлшемшарттардың 7-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

xi - субъективті өлшемшарт көрсеткіші,
wi - субъективті өлшем көрсеткішінің үлес салмағы xi
n – көрсеткіштер саны.
Осы өлшемшарттардың 7-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.
R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:
R – бақылау және қадағалау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),
Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),
Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),
Rарал – осы өлшемшарттардың 10-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.

15

15. Кодекстің 144-2-бабының 4-тармағына сәйкес қалыптастырылатын реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізімі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау үшін негіз болып табылады.

16 16. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізімдері олардың басымдығы ескеріле отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің ең жоғары көрсеткішімен жасалады.

17 17. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің еселігі жылына екі реттен жиі болмауға тиіс.

4 4-тарау. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жедел ден қою шаралары

18 18. Осы өлшемшарттар шеңберінде қолданылатын жедел ден қою шараларына бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру шеңберінде – бақылау және қадағалау субъектісінің қызметін немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру жатады.

19

19. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру шеңберінде – бақылау және қадағалау субъектісінің қызметін немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұруға тыныштық сақтау аймақтарында және өсімін молайту учаскелерінде жануарлар дүниесі объектілерін аулауға жол бермеу талаптарын бұзу негіз болып табылады, тоқтата тұру мерзімі 60 (алпыс) жұмыс күн.

1-1 Аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі

Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
1-қосымша
Аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі

Өл­шем­шар­ттар ата­уы
Бұ­зу­шы­лық дә­ре­же­сі
1
Ор­на­ты­л­ған ан­шлаг­тар­дың бо­луы
Еле­улі
2
Ты­ны­штық сақ­тау ай­мақ­та­рын­да және өсі­мін мо­лай­ту учас­ке­ле­рін­де жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін аула­у­ға жол бер­меу
Өрес­кел
3
Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лық­та­рын­да жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сіне еле­улі за­лал кел­ті­ріп, заң­сыз аң аулау фак­ті­сі­нің бол­мауы
Өрес­кел
4
Аң аулау объ­ек­ті­ле­рі бо­лып та­бы­ла­тын жа­ну­ар­лар түр­ле­рі­нің са­нын есеп­ке алу мә­лі­мет­те­рін­де то­лық және дұ­рыс ақ­па­рат
Еле­улі
5
Бра­ко­ньер­лік­пен кү­рес ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­де то­лық және дұ­рыс ақ­па­рат
Еле­улі
6
Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рі са­ны­ның қы­сқа­руы және олар­дың тір­ші­лік ету ор­та­сы­ның на­шар­ла­уы, қыз­ме­ті сал­да­ры­нан жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сіне зи­ян кел­ті­ру, эко­ло­ги­я­лық жағ­дай­дың на­шар­ла­уы және аң­шы­лық ал­қап­тар­да био­ло­ги­я­лық те­пе-тең­дік­тің бұ­зы­луы тү­рін­де бай­қал­ған ба­қы­лау субъ­ек­ті­ле­рі­нің (объ­ек­ті­ле­рі­нің) кінә­сі­нен орын алып, тір­кел­ген қо­лай­сыз оқи­ға­лар­дың бол­мауы
Өрес­кел
7
Ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) бар­май про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау ұсы­ным­да­рын орын­дау
Өрес­кел
8
Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­ле­рі­мен жа­ну­ар­лар дү­ни­есiн пай­да­ла­ну та­лап­та­рын және аң аулау қа­ғи­да­ла­рын бұ­зу­ды бол­дыр­мау (ӘҚ­БтК 382-ба­бы)
Еле­улі
9
Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­ле­рі­мен аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғын жүр­гі­зу қа­ғи­да­ла­рын бұ­зу­ды бол­дыр­мау (ӘҚ­БтК 385-ба­бы)
Еле­улі
10
Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­ле­рі­мен жа­байы жа­ну­ар­лар мен өсім­дік­тер­дің түр­ле­рін, олар­дың бө­лік­те­рін неме­се де­ри­ват­та­рын заң­сыз ием­де­ну­ді, өт­кі­зу­ді, алып өту­ді, әке­лу­ді, әке­ту­ді, сақ­та­уды (ұста­уды) бол­дыр­мау (ӘҚ­БтК 389-ба­бы)
Еле­улі
11
Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­ле­рі­мен жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін пай­да­ла­ну­ға рұқ­сат­тар бе­ру және бе­рі­л­ген рұқ­сат­тар­ды пай­да­ла­ну тәр­ті­бін бұ­зу­ды бол­дыр­мау (ӘҚ­БтК 390-ба­бы)
Еле­улі

1-2 Балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі

Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
2-қосымша
Балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі

1-3 Су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдалану субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі

Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
3-қосымша
Су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдалану субъектілеріне қатысты жануарлар
дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі

1-4 Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабының 22) тармақшасына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті критерийлер тізбесі

Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
4-қосымша
Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабының 22) тармақшасына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті критерийлер тізбесі

Субъективті критерий көрсеткіші
Субъективті критерий көрсеткіші бойынша ақпарат көзі
Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (сомасы 100 балдан аспауы тиіс),
wi
Шарттар / мәндер, xi
1-шарты / мәні
2-шарты / мәні
3-шарты / мәні
1
2
3
4
5
6
7
Бару арқылы профилактикалық бақылау үшін
1
Есептілікті уақтылы және (немесе) сапасыз ұсыну
Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері
40
0
1
2
0
100
-
2
ҚР ӘҚБтК-нің 382, 385, 389, 390-баптары (2-бөлім) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілерінің саны
Бақылау және қадағалау субъектісінің кінәсінен туындаған қолайсыз оқиғалардың болуы.
60
0
1-5
6+
0
50
100
3
Бақылау нәтижелері бойынша келусіз анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдардың белгіленген мерзімде орындалмағаны туралы мәліметтердің болуы
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжаттар
және қадағалау)
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу
0
1
-
0
100
-

1-5 Балық шаруашылығы субъектілерінің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабының 22) тармақшасына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті критерийлер тізбесі

Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
5-қосымша
Балық шаруашылығы субъектілерінің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабының 22) тармақшасына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті критерийлер тізбесі

2 Аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары ‒
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 494 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы желтоқсандағы
№ 95 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы
Тексеру/бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау
тағайындаған мемлекеттік орган ______________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
Тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау
тағайындау туралы акт _______________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы _________________________________________
____________________________________________________________________________________________
(бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке
сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Орналасқан мекенжайы ______________________________________________________________________

Та­лап­тар тіз­бе­сі
Та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ді
1
2
3
4
1
Ор­на­ты­л­ған ан­шлаг­тар­дың бо­луы
2
Ты­ны­штық сақ­тау ай­мақ­та­рын­да және өсі­мін мо­лай­ту учас­ке­ле­рін­де жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін аула­у­ға жол бер­меу
3
Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лық­та­рын­да жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сіне еле­улі за­лал кел­ті­ріп, заң­сыз аң аулау фак­ті­сі­нің бо­луы
Лауазымды адам (дар) ____________________ ____________________
(лауазымы) (қолы)
____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты ( бар болса) тегі)
Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) басшысы ________ _______
(лауазымы) (қолы)
____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты ( бар болса) тегі)

3 Балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары ‒ Қазақстан
Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 494 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 95 бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы

4 Су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдалану субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары ‒ Қазақстан
Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 494 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 95 бірлескен бұйрығына
4-қосымша
Су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдалану субъектілеріне қатысты
жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы

Қолданыстағы