Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил отзыва военнослужащего Вооруженных Сил Республики Казахстан из ежегодного основного отпуска в случае служебной необходимости

Бұйрық · № 787 · қабылданған 09.11.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-126788/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил отзыва военнослужащего Вооруженных Сил Республики Казахстан из ежегодного основного отпуска в случае служебной необходимости Қолданыста Бұйрық ·№ 787 ·09.11.2018
15.01.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил отзыва военнослужащего Вооруженных Сил Республики Казахстан из ежегодного основного отпуска в случае служебной необходимости

Қолданыста Бұйрық ·№ 787 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил отзыва военнослужащего Вооруженных Сил Республики Казахстан из ежегодного основного отпуска в случае служебной необходимости
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісін қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалыстан шақыртып алу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
787
Қабылданған күні
09.11.2018
Көрсетілген редакция
15.01.2024 126788_683402.kaz
Соңғы өзгеріс
15.01.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017906
ЭКБ идентификаторы
126788
Редакция идентификаторы
126788_683402
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:40

0 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісін қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалыстан шақыртып алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы
№ 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 139-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісін қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалыстан шақыртып алу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісін қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалыстан шақыртып алу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2018 жылғы 9 қарашадағы
№ 787 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісін қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалыстан шақыртып алу қағидалары

1

1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісін қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалыстан шақыртып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының (бұдан әрі – Әскери қызмет өткеру қағидалары) 139-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісін (бұдан әрі – әскери қызметші) қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалыстан (бұдан әрі – демалыс) шақыртып алу тәртібін айқындайды.

2 2. Әскери қызметші қызметтік қажеттілік жағдайында демалыстан әскери бөлім (мекеме) қолбасшылығының хабарламасы бойынша шақыртып алынуы мүмкін.

3

3. Әскери қызметшіге қызметтік қажеттілік жағдайында демалыстан шақыртып алу туралы бұйырымды (өкімді) әскери бөлім (мекеме) командирі (бастығы) атынан ол тікелей бағынысында тұрған лауазымды адам шақыртып алу себебін көрсетіп ауызша жеткізеді. Әскери қызметшіге ауызша бұйырымды (өкімді) жеткізу мүмкін болмаған жағдайда әскери бөлімнің (мекеменің) штабы Әскери қызмет өткеру қағидаларының 113-тармағына сәйкес әскери қызметші әскери есепке тұрған органды хабардар етеді.

4 4. Әскери қызметшіні қызметтік қажеттілікке байланысты демалыстан шақыртып алу мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:

әскери бөлімнің (мекеменің) бөлімшелері орналасқан жерлерде немесе әскери қызметшілердің отбасы мүшелері жинақы тұратын жерлерде табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше апаттар болған кезде;
бөлімшені немесе әскери бөлімді (мекемені) көшіру кезінде;
әскери бөлімде (мекемеде) әскери қызметшінің қаза табуы, әскери қызметшілердің топтасып қызмет орнын тастап кетуі, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жеткізгіштерді, қаруды, техниканы, материалдық немесе қаржы қаражатын жоғалту, жалпы жарғыдан тыс өзара
қарым-қатынастардың көріністері сияқты төтенше жағдайлар болған кезде;
егер жаңа штатқа ауысу мерзімі әскери қызметшінің демалыстан шығуынан бұрын өтетін болса, әскери бөлімде (мекемеде) ұйымдық-штаттық іс-шаралар жүргізу кезінде;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының комиссиялары не Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы тағайындаған лауазымды адамдар кенеттен тексерулер жоспарына сәйкес әскери бөлімнің (мекеменің) жауынгерлік әзірлігін кенеттен тексеруді жүргізген кезде, егер әскери қызметшіні демалыстан шақыртып алу көзделген болса;
қызметтік қажеттілік жағдайында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің және Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының шешімі бойынша.

5 5. Шақыртып алуға байланысты демалыстың пайдаланылмаған бөлігі Әскери қызмет өткеру қағидаларының 122-тармағына сәйкес беріледі.

Қолданыстағы