Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах акционерного общества «Национальный научный центр онкологии и трансплантологии»

Қаулы · № 824 · қабылданған 12.12.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-126823/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О некоторых вопросах акционерного общества «Национальный научный центр онкологии и трансплантологии» Қолданыста Қаулы ·№ 824 ·12.12.2018
12.12.2018 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах акционерного общества «Национальный научный центр онкологии и трансплантологии»

Қолданыста Қаулы ·№ 824 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах акционерного общества «Национальный научный центр онкологии и трансплантологии»
Атауы (қаз.)
«Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығы» акционерлік қоғамының кейбiр мәселелерi туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
824
Қабылданған күні
12.12.2018
Көрсетілген редакция
12.12.2018 126823_377188.kaz
Соңғы өзгеріс
12.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1800000824
ЭКБ идентификаторы
126823
Редакция идентификаторы
126823_377188
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:06

0 «Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығы» акционерлік қоғамының кейбiр мәселелерi туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына, «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Ұлттық ғылыми онкология және транcплантология орталығы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қоғам) акциялары пакетінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «University Medical Center» корпоративтік қорының ұсынысына келісім  берілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;

2 2) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 824 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-189-жолмен толықтырылсын:
«21-189. «Ұлттық ғылыми онкология және транcплантология орталығы» акционерлік қоғамы».

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 227-24 жолмен толықтырылсын:
«227-24. «Ұлттық ғылыми онкология және транcплантология орталығы» АҚ».

3 3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 16, 41-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«4. Акционерлік қоғамдар» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-жолмен толықтырылсын:
«15. «Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығы» АҚ».

Қолданыстағы