О переименовании улиц в селах Новоишимка, Семеновка Целиноградского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании улиц в селах Новоишимка, Семеновка Целиноградского района
- Атауы (қаз.)
- Целиноград ауданы Новоишимка, Семеновка ауылдарының көшелерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 14.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 14.11.2018 126838_376380.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18BQK06905
- ЭКБ идентификаторы
- 126838
- Редакция идентификаторы
- 126838_376380
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:38
0 Целиноград ауданы Новоишимка, Семеновка ауылдарының көшелерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37-баптарына сәйкес, халықтын пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысы негізінде, Новоишимка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Целиноград ауданының Новоишимка ауылының көшелері қайта аталсын:
Целинная көшесін Тәуелсіздік көшесіне;
Ишимская көшесін Атамекен көшесіне;
Садовая көшесін Сауран көшесіне;
Восточная көшесін Алтын Орда көшесіне;
Школьная көшесін Болашақ көшесіне;
Авангардная көшесін Егемен көшесіне;
Широкая көшесін Байтерек көшесіне;
Новая көшесін Желтоқсан көшесіне;
Стадионная көшесін Алаш көшесіне;
Дружба көшесін Достық көшесіне;
Комсомольская көшесін Жайық көшесіне;
Преподавательская көшесін Нұрлы жол көшесіне;
Больничная көшесін Медеу көшесіне;
Космонавтов көшесін Байқоңыр көшесіне;
Мира көшесін Бейбітшілік көшесіне;
Юбилейная көшесін Сарыарқа көшесіне;
Молодежная көшесін Жастар көшесіне.
2 2. Целиноград ауданының Семеновка ауылының көшелері қайта аталсын:
10 летие РК көшесін Тәуелсіздік көшесіне;
Целинная көшесін Ұлы дала көшесіне;
Ватутина көшесін Байқоңыр көшесіне;
Комарова көшесін Оқжетпес көшесіне;
Дружба көшесін Достық көшесіне;
Зеленый переулок көшесін Сарыарқа көшесіне.